«Ақылды қала» тарихы және «цифрлық Қазақстан»бағдарламасын дамытудың негізгі бағыты
DOI:
https://doi.org/10.26577/JH.2024.v113i2-010Аннотация
Мақала пәні ретінде «цифровизация мәселесі» мен «ақылды қаланың» даму тарихы мен маңыздылығы талқыланады. Аталмыш зерттеуде "ақылды қала" тұжырымдамасы қалаларды одан әрі әлеуметтік-экономикалық дамытудың жалпы векторы ретінде қарастырылады. Тақырыптың тарихи тұсын ашу үшін Сингапур, Жапония, АҚШ секілді елдердің цифрлану үдерісінен тарихи шолулар келтіріледі. Осы тұста зерттеу әдістері: бақылау және аралас әдістер қолданылады. Зерттеудің методологиясы ретінде сапалық талдау әдістемесін пайдалана отырып, автор отандық дискурста қалыптасқан жаңа цифрландыру әдістемесін, оның дамуын, әлемдік тәжірибемен салыстырады. Авторлар мемлекеттік басқару жүйесін сандық форматқа көшіру жолын мемлекеттің ұлттық мүдделерін дамытуға және халықаралық аренада имиджін көтеру құралы ретінде қызмет етеді деген қорытындыға келеді. Бүгінгі таңда барлық типтегі қалаларды дамыту үшін жағдай жасау, өздерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру есебінен ел аумақтарының экономикалық және әлеуметтік дамуының біркелкілігін қамтамасыз ету басты міндет болып табылады. Бұл жерде бәсекелестік емес, шектеулі ресурстарды, ең алдымен интеллектуалды ресурстарды тиімді пайдалануға негізделген бәсекелестік, өзара әрекеттесу және өзара көмек қатынастары шешуші рөл атқарады. Мақаланың практикалық маңыздылығы Қазақстанның толық цифрлану тарихын зерттеп, деректерді қолданысқа енгізу. Зерттеу мақаласы гуманитария саласы бойынша білім алып немесе заманауи Қазақстанның даму тарихын зерттеп жүрген барлық оқырманға пайдалы әрі өзекті болмақ.
Түйін сөздер: Цифрлану Тарихы, Әлемдік цифрлану үдерісі, Цифрланған Қазақстан, Ақылды қала, Трансформация, Инновация.