ҚАЗАҚ МҰСЫЛМАНДЫҚ ДӘСТҮРІНДЕГІ ӘУЛИЕ-ИШАНДАР (ТАРАЗ ЖӘНЕ ЖЕТІСУ ӨҢІРЛЕРІ БОЙЫНША ЭТНОГРАФИЯЛЫҚ МАТЕРИАЛДАР НЕГІЗІНДЕ)

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JH.2024.v112.i1.012
        173 118

Аннотация

Мақалада 2023 жылы Қазақстан өңірлері бойынша жиналған ауызша тарихи мәліметтер мен этнографиялық материалдар негізінде қазақ мәдениетіндегі әулие-ишандардың орны мен қызметі зерттеледі. «Әулиелік культі» құбылысы дінтанушылық тұрғыдан сарапталады. Зерттеуде қазақ мұсылмандық танымның дербестігі және ондағы әулиелік культі, әдет-ғұрпы, сопылық түсініктерді жалпы Ясауи мәдениеті ретінде түсіну қарастырылады. Мысал ретінде ауызша материалдар қазақтардың ұлттық жадында әулиеге деген құрметтің, сенімнің үлкен рөл атқаратындығын көрсетеді. Қазақ діни танымында мұсылмандық пен «әулие культі» өзара қайшылықсыз ұштасқан. Сонымен қатар «зиарат», «халық емшілігі» тәрізді дәстүрлердің қайта жанданып жатқандығын көруге болады. Зерттеуде сопылық өкілдері Абдолла ишан, Қожағаппар әулие, Қарамолда, Көден-Жалаңаш әулие және т.б.  діни тұлғалар туралы естеліктер негізгі аспекті ретінде қаралды. Бұл сараптамалық тұрғыдан халық агиологиясын, дін психологиясын, Қазақстанның әр аймақтарындағы діни тұлғалар туралы «діни сана» мен «діни тәжірибе» сабақтастығын нақтылауға көмектеседі. Қазақ діни танымының тағы бір ерекшелігі ретінде көптеген батырлар мен  билердің де уақыт өте келе «әулиелер» санатында дәріптелуі жатады. Оған мысал ретінде мақалада Жетісу өңірінде өмір сүрген Әлмерек абыз, Ескелді би мен Балпық би сияқты тұлғалардың естеліктерін көрсетуге болады.

Кілт сөздер: ауызша тарих, этнография, сопылық, әулиелер, қазақ дәстүрі, аймақтар, киелі орындар, рухани тәжірибелер.

Авторлардың биографисы

Е. T. Қартабаева, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Қазақстан, Алматы қ.

т.ғ.к., профессор,  дүниежүзі тарихы, тарихнама және деректану кафедрасы, Әл-Фараби ат. ҚазҰУ. Е-mail: erke_66@mail.ru

Н. Д. Нуртазина, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Қазақстан, Алматы қ.

т.ғ.д., қауымдастырылған профессор, Қазақстан тарихы кафедрасы, Әл-Фараби ат. ҚазҰУ. Е-mail: nazira.nurtazina@mail.ru

M. A. Касимбекова, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Қазақстан, Алматы қ.

докторант, дүниежүзі тарихы, тарихнама және деректану кафедрасы, Әл-Фараби ат. ҚазҰУ. Е-mail: kasimbekovamarzan@gmail.com

Жүктелулер

Как цитировать

Қартабаева Е. T. ., Нуртазина, Н. Д., & Касимбекова M. A. (2024). ҚАЗАҚ МҰСЫЛМАНДЫҚ ДӘСТҮРІНДЕГІ ӘУЛИЕ-ИШАНДАР (ТАРАЗ ЖӘНЕ ЖЕТІСУ ӨҢІРЛЕРІ БОЙЫНША ЭТНОГРАФИЯЛЫҚ МАТЕРИАЛДАР НЕГІЗІНДЕ). КазҰУ Хабаршысы. Тарих Сериясы, 112(1), 149–164. https://doi.org/10.26577/JH.2024.v112.i1.012

Шығарылым

Бөлім

Раздел 3 Aрхеология и этнология