Р.Г. Кузеевтің башқұрт шежірелерін зерттеуге қосқан үлесі
DOI:
https://doi.org/10.26577/JH-2018-1-180Аннотация
Мақалада көрнекті ғалым Р.Г. Кузеевтің XVI-XIX, кейде одан да ерте дәуірге жататын жазба ескерткіштер шежірелерді зерттеу ісіне, шежіретану ғылымының қалыптасуына айрықша үлес қосуына басты назар аударды. Башқұрт халқының калыптасуында басқа деректермен қатар шежіренің дерек ретінде алатын орнына ерекше мән беріледі. Мақалада шежірелерді жинақтау, аудару, транскрипциясын жасау, оларды ғылыми айналымға түсірудегі Р.Г. Кузеевтің сіңірген еңбегіне ерекше тоқталады. Шежіредегі башқұрт халқының этникалық тарихы, ру-тайпалық құрылымына байланысты материалдарды басқа деректермен бірге қолдану мәселелері қарастырылған. Автор шежіретану ғылымының бастауында тұрған, ғылыми негіздерін қалауға ерекше үлес қосқан Р.Г. Кузеевтің ғылыми еңбектеріне, шежіре саласын зерттеу жұмыстарына, қолжазбаларды ғылыми айналымға енгізу мәселелерінде алатын орнын көрсетеді.