Р.Г. Кузеевтің башқұрт шежірелерін зерттеуге қосқан үлесі

Authors

  • E. Turgunbayev Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

DOI:

https://doi.org/10.26577/JH-2018-1-180
        67 23

Abstract

Мақалада көрнекті ғалым Р.Г. Кузеевтің XVI-XIX, кейде одан да ерте дәуірге жататын жазба ескерткіштер шежірелерді зерттеу ісіне, шежіретану ғылымының қалыптасуына айрықша үлес қосуына басты назар аударды. Башқұрт халқының калыптасуында басқа деректермен қатар шежіренің дерек ретінде алатын орнына ерекше мән беріледі. Мақалада шежірелерді жинақтау, аудару, транскрипциясын жасау, оларды ғылыми айналымға түсірудегі Р.Г. Кузеевтің сіңірген еңбегіне ерекше тоқталады. Шежіредегі башқұрт халқының этникалық тарихы, ру-тайпалық құрылымына байланысты материалдарды басқа деректермен бірге қолдану мәселелері қарастырылған. Автор шежіретану ғылымының бастауында тұрған, ғылыми негіздерін қалауға ерекше үлес қосқан Р.Г. Кузеевтің ғылыми еңбектеріне, шежіре саласын зерттеу жұмыстарына, қолжазбаларды ғылыми айналымға енгізу мәселелерінде алатын орнын көрсетеді.

Downloads

How to Cite

Turgunbayev, E. (2018). Р.Г. Кузеевтің башқұрт шежірелерін зерттеуге қосқан үлесі. Journal of History, 88(1), 57–61. https://doi.org/10.26577/JH-2018-1-180

Issue

Section

Journal KazNU: History