ЧОСОН ӘУЛЕТІНІҢ КОРЕЙ КАРТАЛАРЫНДАҒЫ ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ГЕОГРАФИЯЛЫҚ БЕЛГІЛЕРІ
DOI:
https://doi.org/10.26577/JH.2024.v112.i1.08Аннотация
Корей картографиясының тамыры үш мемлекет кезеңінен басталатын он бес ғасырлық дәстүрі бар (б.з.д. I ғасырдан б.з.д. VII ғасырға дейін). Корея картографиясына көрші Қытай үлкен әсер етті, қытайлар Кореямен мыңдаған жылдар бойы ғылыми алмасулар жүргізді. 1392 жылы бүкіл Корей түбегінде Джозеон әулетінің билігі құрылды, онда корей картографтары елдің және оның сегіз провинциясының картасын, сондай-ақ әлем және Қытай карталарын сала бастады. Қытайдың және әлемнің карталарын бейнеленген корейлер өздерінің Батыс көршілері (Ұлы дала халықтарының), түркі халықтарының қалаларын, Орталық Азияны, тауларды, өзендерді және т.б. аумақтарды картаға түсіріп белгіледі. Батыс ғылымының ой-пікірлері Қытай мен Корей түбегіне енуіне байланысты олардың төрт бұрышты карталар салатын көне үлгісі өзгеріп, оның орнына дөңгелек карта салу таралады.
Бұл мақала орта және жаңа ғасырлардағы әлем және қытай карталарында Қытай және корей тілдеріндегі Ұлы даланың географиялық атауларын зерттеуге арналған. Жүргізілген зерттеулер барысында авторлар алғаш рет бес корей картасында Ұлы даланың көптеген топонимдері мен гидронимдерін, атап айтқанда «Қазақ» және «Түркістан» т.б. дегендерді білдіретін бір қатар тарихи географиялық атауларды анықтады.