Қазақстанға екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында жер аударылған халықтардың әлеуметтік бейімделу мәселелері (шешен және ингуш халықтары мысалында)

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JH.2023.v111.i4.05
        220 346

Аннотация

Мақалада Сталин дәуірінде Қазақстанға күштеп депортацияланған  шешен және ингуш ұлттарының  қайғылы тағдыры, оларды көшіру барысы мен орналастырудағы жүргізілген іс-шаралар мен кездескен қиыншылықтар және оларға сенімсіз ұлттар ретінде ұстанған кеңестік саясат туралы мәселелер қамтылған. Мәжбүрлі түрде  жер аударылған ұлттардың өткен тарихының көлеңкелі беттерін қарқынды түрде зерттеу  өткен ғасырдың 80-90-шы  жылдары қолға алынды. Одақ көлемінде көптеген ұлттардың  бейбіт өмір сүру  жағдайын кеңестік биліктің  жүргізген  жаппай қуғын-сүргіндер мен күштеп жер аудару үрдісі өзгертті.  Олар атамекенінен күштеп көшіріліп, өмір бойы жинаған дүние мүлкінен айрылып, жер аударылған жерге бейімделуге тура келді. Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында Cолтүстік Кавказдан  зорлықпен көшірілген шешендер мен ингуштар тағдырдың қатал тауқыметін бастарынан кешірді. Ауыр тағдыр тәлкегіне ұшырап күшпен жер аударылып келген ұлт өкілдеріне қазақ халқы өздерінің ауыр тұрмыс тіршілігіне қарамастан көмектерін беріп, аман-сау қалуына септігі мол болды. Саяси репрессиялау мен депортациялау үрдісінен жер аударылған ұлттардың өкілдері саяси қуғындау аяқталып, құқықтары қайта қалпына келтірілген уақытта өз Отандарына оралды. Ал кейбіреулері екінші Отаны ретінде Қазақ еліне тұрақтап қалды. Бүгінде Қазақ еліне әртүрлі кезеңдерде қоныс аударып, мәжбүрлі түрде жер аударылған өзге ұлт өкілдері мен ұрпақтары республика аумағының барлық өңірлерін мекендейді.  Олардың басым бөлігі тоталитарлық жүйе үстемдік құрған шақта күштеп жер аударылған ұлттар. Бүгінде  олар Қазақстан Республикасының азаматтары ретінде елдің әлеуметтік экономикалық дамуына үлес қосып, барлық салада еңбек етуде.

Түйін сөздер:  кеңестік жүйе,  сталиндік саясат, бірегейлік, депортация, шешендер,  ингуштар

Жүктелулер

Как цитировать

Kozgambayeva, G. B., & Abildos, R. A. (2023). Қазақстанға екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында жер аударылған халықтардың әлеуметтік бейімделу мәселелері (шешен және ингуш халықтары мысалында). КазҰУ Хабаршысы. Тарих Сериясы, 111(4). https://doi.org/10.26577/JH.2023.v111.i4.05

Шығарылым

Бөлім

Раздел 1 История отечества