ТҮРКІ ДӘУРІНІҢ АЛТАЙ-ТАРБАҒАТАЙДАҒЫ ЖАҢА АРХЕОЛОГИЯЛЫҚ ЕСКЕРТКІШТЕРІ

Авторлар

  • З. Самашев Институт археологии им. А.Х. Маргулана, КН МОН РК, Казахстан, г. Алматы. https://orcid.org/0000-0002-7171-3003
  • А. Айтқали Ә.Х. Марғұлан атындағы археология институты, Қазақстан, Алматы қ. https://orcid.org/0000-0002-2476-3999
  • Р. С. Жуматаев әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Қазақстан, Алматы қ.

DOI:

https://doi.org/10.26577/JH.2024.v112.i1.011
        137 104

Аннотация

Мақалада 2021-2023 жж. Қазақстанның шығыс аймақтарындағы көне түркі дәуірінің ескерткіштеріне жүргізілген археологиялық зерттеулердің нәтижелері қарастырылған. Осы кезеңде 16 қоршаудан тұратын 1 жерлеу-салттық кешен және 10 оба зерттелді. Қабір шұңқыры және қабір ішілік құрылыстардың құрылымы, бірнеше обадағы жылқы жерленуі, сондай-ақ жерленгендердің орны мен бағыты, зерттелген ескерткіштердегі негізгі ақыреттік заттар қимақ дәуірінің мәдениетіне сәйкес келеді. Елеке сазы алқабында жүргізілген археологиялық зерттеулер қимақ көшпелілерінің бірін осы аумақта оқшаулауға мүмкіндік береді. Кейінгі жұмыстар Тарбағатай тау етегіндегі қоныстану ауқымын нақтылауға мүмкіндік береді. Мақаланың негізгі материалын 2023 ж. далалық маусымда Қансар қорымында жүргізілген зерттеулер құқрайды. Бұл жерде жүргізілген зерттеулер нәтижесінде тұрмыстық заттар, қару-жарақ, өнер туындыларына қатысты қызықты материалдар алынды. Соңғысы 1 мыңжылдықтың екінші жартысындағы Шығыс Қазақстан жұртының көркем мәдениеті туралы түсінігімізді байытады, жәнеде, көне түркі қоғамының материалдық және рухани мәдениетін зерттеуге үлес қосады.

Авторлардың биографисы

З. Самашев, Институт археологии им. А.Х. Маргулана, КН МОН РК, Казахстан, г. Алматы.

т.ғ.д., Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институтының Бас ғылыми қызметкері. E-mail: archaeology_kz@mail.ru

А. Айтқали, Ә.Х. Марғұлан атындағы археология институты, Қазақстан, Алматы қ.

PhD, Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институтының Ғылыми қызметкері E-mail: azza_semsk@mail.ru

Р. С. Жуматаев, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Қазақстан, Алматы қ.

PhD, доцент м.а., археология, этнология және музеология кафедрасы,  әл-Фараби ат. ҚазҰУ. E-mail: zhumatayevr@gmail.com

Жүктелулер

Как цитировать

Самашев, З. ., Айтқали, А. ., & Жуматаев, Р. С. (2024). ТҮРКІ ДӘУРІНІҢ АЛТАЙ-ТАРБАҒАТАЙДАҒЫ ЖАҢА АРХЕОЛОГИЯЛЫҚ ЕСКЕРТКІШТЕРІ. КазҰУ Хабаршысы. Тарих Сериясы, 112(1), 138–148. https://doi.org/10.26577/JH.2024.v112.i1.011

Шығарылым

Бөлім

Раздел 3 Aрхеология и этнология