ШЫҒЫС ЕҢБЕКШІЛЕРІНІҢ КОММУНИСТІК УНИВЕРСИТЕТІНЕ ҚАЗАҚ СТУДЕНТТЕРІН ІРІТЕУ ЖӘНЕ ДАЯРЛАУ

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JH.2024.v112.i1.010
        134 50

Кілттік сөздер:

Шығыс халықтары; Шығыс еңбекшілері; ШЕКУ; Коминтерн; қабылдау талаптары; қазақ студенттері; Коммунистік университет; студенттерді іріктеу.

Аннотация

Шығыс еңбекшілерінің Коммунистік университеті (КУТВ) – 1921-1938 жылдар аралығында Коминтерн (Коммунистический интернационал) ұйымының ұйымдастыруымен қызмет еткен оқу орны. Бұл оқу орнының қызметі екі бағытта жүргізілді. Біріншісі - Кеңестік билік территориясынан тыс жатқан Шығыс хылқтары үшін социалистік идеологияны тарату және социалисттік қозғалысты дамыту болса, екіншісі – жергілікті Шығыс халқы өкілдерінен идеология бағытына сәйкес қызмет ететін кадрларды даярлау болды. Мұнда Орталық Азия, Қиыр Шығыс және Солтүстік Кавказ елдері үшін партиялық кадрларды даярлау жүргізілді. Бұл университеттің түлектері өз елдеріндегі жаңа пролетарлық интеллигенцияның негізі болды. Сіздерге ұсынылып отырған мақалада ШЕКУ-нің студенттерді қабылдау кезіндегі талаптарының дамуы, өзгерісі зерттеу объектісі болды. Осыған сәйкесінше Қазақстан және КСРО көлемінде коммунистік (партиялық) білім беру жүйесінің қалыптасу жолын көре аласыздар. 1920-жылдары азамат соғысынан кейінгі әлеуметтік жағдайдың төмендігі, ал жоғары оқу орынына жаппай шақыру жұмыстарының басталуы университеттерде білім алушылардың сапалық деңгейін түсіргені анық. Осындай жаппай білім алушылар легімен Коммунисттік университет қабылдау комиссиясының атқарған жұмысы толық сипатталып берілген.

Авторлардың биографисы

M. И. Амандосова, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Қазақстан, Алматы

phd, оқытушы, Қазақстан тарихы кафедрасы Абай ат. ҚазҰПУ Е-mail: mdnmdi91@gmail.com

Аймар Венцель, Тарту Университеті, Эстония

phd, профессор, этнология кафедрасы, Тарту Университеті, Тарту, Эстония.

Жүктелулер

Как цитировать

Амандосова М. I., & Венцель A. (2024). ШЫҒЫС ЕҢБЕКШІЛЕРІНІҢ КОММУНИСТІК УНИВЕРСИТЕТІНЕ ҚАЗАҚ СТУДЕНТТЕРІН ІРІТЕУ ЖӘНЕ ДАЯРЛАУ. КазҰУ Хабаршысы. Тарих Сериясы, 112(1), 128–137. https://doi.org/10.26577/JH.2024.v112.i1.010

Шығарылым

Бөлім

Раздел 2 Всемирная история