Кітапханалардағы жасанды интеллект: тарихи-салыстырмалы талдау тәжірибесі

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JH.2024.v113i2-017
        178 170

Аннотация

Бұл мақаланың мақсаты - кітапхана қызметіне жасанды интеллектті енгізу мәселелерін талдау арқылы бұл жүйені қолданысқа енгізудегі артықшылықтары мен кемшіліктерін салыстыру, жасанды интеллектті құрайтын технологиялар, кітапхананың жұмыс саласына  пайдалану жағдайларының түрлерін анықтау. Жасанды интелекттің кітапхана қызметінде қолданылып жатқан бірнеше түрлері ерекше қарастырылды. Әсіресе шетелдік кітапханаларға үлкен мән берілді.Сонымен қатар шетелдік ғалымдардың тақырыпқа қатысты жазылған еңбектеріне сипаттамалар берілді. Ғалымдардың еңбектерін қарастыра келе мақалада сипаттамалық әдіс қолданылды. Қазіргі таңда кітапханалардың жасанды интеллектті қолданудағы  негізгі бағыттары көрсетілді. Бұл жұмыста «жасанды интеллект» терминін кітапханалық халықаралық ұйым ИФЛА ерекше маңызын айқындап көрсеткені қамтылған. Оқырмандарға жылдам әрі тез, ең бастысы сапалы қызмет көрсетуде жасанды интелекттің маңыздылығы айқындалды. Бұл жұмыстың практикалық маңыздылығы негізінен жасанды интеллект арқылы кітапханалардың сапалы қызметін көрсетуді жетілдіру. Зерттеу нәтижесінде көп кітапханалар жасанды интеллектті қолданысқа енгізбеген және қолданысқа енгізу үшін де  қаражатты талап ететіні дәлелденді. Сонымен қоса, жоғары көлемдегі қаражаттан бұрын кітапхана қызметкерлерінің жасанды интелектті басқара алатын кәсіби білімінің де өз әсерін тигізбей қоймайтындығына, ол бұл өз кезегінде жасанды интеллектті қолданысын шектейді деген  қорытындыға келдік.

Түйін сөздер: жасанды интеллект, виртуалды кітапхана, электронды кітапхана, сандық кітапхана, ғылыми электронды кітапхана.

 

Авторлардың биографисы

Г. Е. Сабденова, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Қазақстан, Алматы қ.

т.ғ.к., доцент, дүниежүзі тарихы, тарихнама және деректану кафедрасы, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті, Қазақстан, Алматы қ. Е-mail: gulmiras2801@mail.ru

Ж. Т. Қосмырза, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Қазақстан, Алматы қ.

докторант, дүниежүзі тарихы, тарихнама және деректану кафедрасы, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті, Қазақстан, Алматы қ. Е-mail: zhansaya.kosmyrza@mail.ru

Жүктелулер

Как цитировать

Сабденова, Г. Е., & Қосмырза, Ж. Т. (2024). Кітапханалардағы жасанды интеллект: тарихи-салыстырмалы талдау тәжірибесі. КазҰУ Хабаршысы. Тарих Сериясы, 113(2), 197–206. https://doi.org/10.26577/JH.2024.v113i2-017

Шығарылым

Бөлім

Раздел 2 Всемирная история