Қазақтар – Ішкі Орданың шекаралық шептерінің депутаттары: тағайындалу механизмі және қызметтік міндеттері (ХІХ ғ. 2-ші жартысы)

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JH.2023.v110.i3.01
        207 225

Аннотация

Бұл мақаланың мақсаты – патша өкіметінің шекара бойында құрған депутаттық қызметін талдау арқылы Ішкі Орда аумағындағы қазақ шенеуніктерінің қалыптасу жүйесінің ерекшеліктерін ашу. Ұсынылып отырған тақырып отандық тарих ғылымында зерттелмеген, бұл мақалада қазақ халқының өкілдерінің Ішкі Орда депутаттығына қосылу механизмі, олардың міндеттерінің жаңа шеңбері мен өзгешелігі алғаш рет ашылып көрсетіледі. Олардың облыс әкімшілігінің өкілдерімен (шекара шебінің қолбасшылары, Орынбор, кейін Астрахан губерниялық үкіметінің шенеуніктері), сұлтандармен, билеушілермен және тұрғындармен, атап айтқанда казактармен, жергілікті, кундра татарларымен, башқұрттармен, орыстармен және басқа да  трансшекаралық аймақт халықтарымен қарым-қатынасының ауқымы айқындалады. Тағайындалған депутаттардың әлеуметтік ортасы мен білім деңгейі әртүрлі болды. Мақала материалдары Қазақстан Республикасы Орталық Мемлекеттік Архив қорынан алынған мұрағат құжаттарына негізделіп, шекара бойындағы қазақ депутаттарының қызмет бағыттарын ашатын, көбінесе күрделі де көп қырлы екенін көрсетеді. Мақаланың негізгі әдіснамалық мәні – шекара шебіндегі қазақ депутаттарының Ішкі Орда аумағында болған тарихи оқиғаларға белсенді қатысушылар болғандығына негізделген.

Түйін сөздер: Ішкі Орда, шекара шебі, депутаттар қызметі, қазақ шенеуніктері, Ресей империясы

 

Жүктелулер

Как цитировать

Sultangalieva, G. S. (2023). Қазақтар – Ішкі Орданың шекаралық шептерінің депутаттары: тағайындалу механизмі және қызметтік міндеттері (ХІХ ғ. 2-ші жартысы). КазҰУ Хабаршысы. Тарих Сериясы, 110(3). https://doi.org/10.26577/JH.2023.v110.i3.01

Шығарылым

Бөлім

Раздел 1 История отечества