Қазақ халқының дәстүрлі мәдениеті мен мифологиялық танымындағы иттің бейнесі

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JH.2023.v110.i3.020
        178 215

Аннотация

Мақалада қазақ халқының фольклоры мен мифологиясындағы ит бейнесі, оның шаруашылық пен мәдениеттегі орны сипатталып, басқа да көшпелі халықтардың мәдени мұраларындағы ит образымен салыстырылады. Еуразия даласындағы иттің ерте кездерден орнын анықтау үшін мақалада иттің археологиялық қазбалардағы жерленуі, халықтың мифологиясындағы орны, фольклордағы көріністері мен XIX ғасырдың екінші жартысындағы қазақ мәдениетіндегі иттің қызметі зерттеледі. Зерттеудің мақсаты және міндеттері – Қазақ халқының шаруашылығы мен мәдениетіндегі иттің қызметін орта ғасырлардан бергі сақталған иттің жерленген орындары арқылы зерттеліп, хронологиялық тұрғыда кейінгі кезеңдегі дәстүрлі қазақ қоғамындағы ит образының салыстырмалы түрде зерделенді. Нәтижелер. Зерттеу жұмысында П. Маковецкийдің, А.И. Добросмысловтың қалдырған жазбалары мен Клод Леви-Стросс, С. Қондыбай, А. Тойшанұлы, А. Тоқтабай, Ф. Арсланова, М. Шағырбаев және т.б. ғалымдардың еңбектеріндегі зерттеу материалдарына тоқталып, олардың ерекшеліктері сипатталады. Қарастырылып отарған мәселе бойынша Қазақстан мен Еуразия даласындағы археологиялық қазба жұмыстарының қорытындылары, түркі халықтарындағы мифологиялық ұқсастықтар мен фольклор үлгілеріндегі иттің бейнесі беріледі. Сонымен қатар, қазақ халқының салт-дәстүрі мен тұрмыс тіршілігіндегі ит бейнесінің семанитикалық сипаттарының орын алуы назарға алынады. Мақалада авторлар қазақ халқының дәстүрлі шаруашылығы мен дүниетанымында ерекше орын алған жылқы, қасқыр, қыран және төрт түлік малға байланысты киелі ұғымдарды түсіну халықтың ғасырлар бойы қалыптасқан шаруашылық типінен, өмір сүру дағдысынан туындағанын көрсетеді. Халықтың қалыптасқан тотемдік наным-сенімдерді табиғаттың әртүрлі құбылыстары мен мәдениеттегі өзгерістер қазақ халқының тек төрт түлік малға емес, сонымен қатар, малды, үйді қоритын иттің де қызметінің маңызды болғанын көрсетеді. Мұны зерттеу мақалада толық қанды қамту үшін арнайы деректер мен этнографиялық әдебиеттер қолданылу арқылы көрсетілген. Қорытынды. Мақаланың хронологиялық кеңдігі мен мәдени қолданыс аясындағы өзгерістерді ескере отырып, қазақ халқының мәдениетіндегі иттың орнын әртүрлі деректермен сипаттап, оның культ деңгейінде емес, қыран бүркіт сияқты аңшылықта жиі қолданыста болғаны айтылады. Сонымен қатар, иттың көшпелі өмірдегі қызметі мен қолданысы әлі де болса зерттеуді қажет екені аталып өтеді.

Кілт сөздер: дәстүрлі мәдениет, тазы ит, фольклор, мифология, мал шаруашылығы, тотемизм, культ, археологиялық зерттеулер, аңшылық, итті шаруашылықта қолдану.

Мақала Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің «Қазақстанның ежелгі және қазіргі мәдениетіндегі қасқыр мен иттің рөлін  этнозооархеологиялық зерттеу)» тақырыбындағы гранттық қаржыландыру жобасын жүзеге асыру аясында орындалды (жеке тіркеу нөмірі: АР 14869303).

Жүктелулер

Как цитировать

Beisegulova А., & Terekbayeva, Z. (2023). Қазақ халқының дәстүрлі мәдениеті мен мифологиялық танымындағы иттің бейнесі. КазҰУ Хабаршысы. Тарих Сериясы, 110(3). https://doi.org/10.26577/JH.2023.v110.i3.020

Шығарылым

Бөлім

Раздел 3 Aрхеология и этнология