Жетісу және Шығыс Қазақтарының дәстүрлі мәдениеті фотоқұжаттарда (Лейбин және Булгаков альбомы бойынша)
DOI:
https://doi.org/10.26577/JH.2023.v110.i3.18Аннотация
«Қазақ халқының аймақтық этнографиясы» тарихи этнография ғылымының бір бағыты ретінде әртүрлі өңірде орналасқан қазақтардың шаруашылықты жүргізу қарекетіне қарай дәстүрлі мәдениеті мен тұрмысына қарай қалыптасқан ерекшеліктерді анықтайды, әрі бұл бағыттағы зерттеудің ғылымда маңызы зор. Осыған байланысты қазақ халқының бір аймақтағы ғасырлар бойына қалыптасқан дәстүрлі шаруашылығы, материалдық мәдениеті, соның ішінде баспанасы, тұрмыстық бұйымдары, киім-кешектері, ұлттық ойындар, музыкалық аспаптары, мерзімдік қоныстары, дәстүрлі көлік жүйесі тіркелген деректер, құжаттар қатарын фототүсірілімдер қамтиды. Тарихи дәуірлерде жасалған фототіркеулер мұрағат құжаттары және музей қорларындағы құнды экспонаттар қатарын құрайды. Көне фотоқұжаттар негізінде жергілікті жердің мәдени ландшафтына сәйкес, мерзімдік қоныстар мен жайылымдарды игеру ерекшеліктері, көш кезінде жүк арту, көште жүру тәртібі, көш жолдарының типтерінің тарихи-этнографиялық реконструкция жасау аса маңызды. Біз зерттеу нысанына алып отырған оңтүстік-шығыс, шығыс өңірдің аймақтық ерекшелігін көрсететін фотодеректер негізінде байырғы этнографиялық ұғымдар мен категорияларды ғылыми-практикалық қырынан игерудің отандық этнология ғылымы үшін маңызды зор. Біз зерттеуге алып отырған оңтүстік-шығыс және шығыс аймақ қазақтарының тарихи этнографиясында кейбір фотоқұжаттар «дәстүрлі кезең мен бүгінгі трансформацияланған қоғам қарекеттерінің астасуы» мәселесінде өзгеріске енген немесе жойылып кеткен сирек құндылықтарды нақтылауға айғақ болады.
Мақаланың мақсаты – Лейбин және Булгаков альбомдарын Жетісу және шығыс қазақтарының дәстүрлі мәдениетінің дереккөзі ретінде талдау.
Кілт сөздер. Лейбин альбомы, Булгаков альбомы, аймақтық этнография, фототіркеу, визуалды этнодерек.