Ботай-терсек тарихи-мәдени қауымдастығы: жалпы сипаттамасы мен негізгі белгілері

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JH.2023.v110.i3.16
        555 335

Аннотация

Мақаланың мақсаты тарихи-салыстырмалы талдауды қолдану арқылы археологиялық материалдар негізінде ботай-терсек тарихи-мәдени қауымдастығының жалпы сипаттамалары мен негізгі белгілерін қарастыру. Мақалада авторлар Құмкешу-1, Қожай-1 сынды «таза» терсектік ескерткіштерден және ботай мәдениетіне тән – Ботай, Красный Яр қоныстарынан жинастырылған материалдарды салыстырады. Салыстырмалы талдау археологиялық олжалардың өндірістік шикізаты, өңдеу техникасы, керамикалық ою-өрнектері, жекелеген бірегей артефактілері бойынша өзара ұқсастығын көрсетіп отыр. Мейлінше нақты салыстырмалы талдау жасауға Құмкешу-1 және Қожай-1, жазғы терсек қоныстарының материалдары мол қызығушылық тудырды. Археология тарихнамасында ботай және терсек мәдениеттері төңірегінде ұзақ уақыт бойы дау-дамай болғандығы белгілі. Археологтар В.Н.Логвин, С.С.Қалиева және В.Ф.Зайберт арасында орын алған ғылыми пікірталастар бір археологиялық мәдениеттің бір уақытта болған екі тәуелсіз мәдениетке бөлінуіне себепкер болған еді. Соңғы жылдары осы саладағы мамандардың көпшілігі оларды бір мәдениет, тіпті бір тарихи-мәдени қауымдастық ретінде қарастыруға бейім. Ботай-терсек тарихи-мәдени қауымдастығы біздің дәуірімізге дейінгі IV мыңжылдықта жылқыны қолға үйретудің алғашқы фактілерімен сипатталатын Солтүстік Қазақстанның аумағын қамтыды. Пәнаралық зерттеулер мен заманауи әдіснаманы қолдану болашақта оларды біртұтас етіп біріктіруге одан да көп мүмкіндіктерді ашатындығы кәміл. Өткен жылдардағы далалық маусымдық жұмыстар нәтижелері солтүстік аймақтарды мекендеген ежелгі тұрғындарға тән алуан түрлі заттардың, сондай-ақ рухани және материалдық мәдениеттің  өзара ұқсастығын айқындап берді. Қазіргі уақытта, осы екі археологиялық мәдениетке жататын негізгі көп қабатты ескерткіштерден алынған материалдар өңірдегі мәдениетерді кезеңдестірудің басты сызбаларын нақтылауға, жалпы белгілерін айқындауға, жалпылама сипаттамасын синхрондауға, тарихи параллельдері анықтау мен ботай-терсек адамының мәдени-шаруашылық типтерін бөліп көрсетуге мүмкіндік беріп отыр.  

Қазіргі уақытта екі археологиялық мәдениеттің тірек көп қабатты ескерткіштерінің корреляциясы негізінде алынған материалдар аймақ мәдениеттерін кезеңдеудің негізгі схемаларын нақтылауға, хронологиясы мен кезеңділігін нақтылауға, Ботай-терсек адамының үйін және мәдени-шаруашылық түрін сипаттауға мүмкіндік береді.

Түйін сөздер: ботай-терсек мәдениеті, Құмкешу-1, Қожай-1, жазғы қоныстар, энеолит, Ботай, Красный Яр, тас индустриясы.

Жүктелулер

Как цитировать

Abilmalikov К. К., Baigunakov, D. S., & Bayanova Z. К. (2023). Ботай-терсек тарихи-мәдени қауымдастығы: жалпы сипаттамасы мен негізгі белгілері. КазҰУ Хабаршысы. Тарих Сериясы, 110(3). https://doi.org/10.26577/JH.2023.v110.i3.16

Шығарылым

Бөлім

Раздел 3 Aрхеология и этнология