Қарақалпақ зергерлік бұйымдарының отбасылық әдет ғұрыптарды өзгертуге бағытталуы
DOI:
https://doi.org/10.26577/JH.2023.v111.i4.014Аннотация
Бұл мақалада далалақ материалдар мен көптеген әдеби дереккөздер негізінде қарақалпақ халқының зергерлік бұйымдары отбасылық салт-дәстүрдің өзгеруіне бағытталған. Қазіргі кезеңде кез-келген ұлттық мәдениеттің дамуы мен сақталуы оны таратудың тиісті тетіктерін табумен, тірі дәстүрлер мен әдет-ғұрыптардың тиімділігімен байланысты.Ұлттық дәстүрлі мәдениет тарихына деген қызығушылықтың артуы осы мәселелерді шешумен байланысты. Мақалада қарақалпақ халқының ежелгі әдет-ғұрыптарын өзгеруі, сондай-ақ батыс халықтарының мәдениеттерінен бізге келген жаңа дәстүрлердегі зергерлік бұйымдардың рөлі қарастырылады. Зергерлік бұйымдар материалдық белгі ретінде адамның күнделікті өмірдегі мінез-құлқының құрылымын анықтайды және этникалық сәйкестіктің белгісі бола отырып, ұлттық мәдениет жүйесіндегі дәстүрлерді сақтау механизмдерінің бірі болып табылады. Бүгінгі таңда дәстүр элементтері өте кең таралған болып, бүгінге күнге бейімделген және адам өміріндегі маңызды күндерді атап өту үшін қолданылады. Сондай-ақ, автор ислам дініне тән халықтың күнделікті әдет-ғұрыптарындағы зергерлік бұйымдардың пайда болу шарттарын, себептерін және маңыздылығын зерттеді. Мақалада негізінен баланың өмірі мен тәрбиесіне байланысты дәстүрлер, әсіресе салтанатты рәсімдер мен оларға дайындық туралы айтылады. Атап айтатын болсақ, зергерлік бұйымдар ризашылық ретінде сыйлыққа беру дәстүрі сәнге айналады немесе халықтық рәсімдердің жекелеген кезеңдеріндегі белгі ретінде бұл отбасының материалдық және әлеуметтік жағдайы туралы хабардар болуға мүмкіндік береді. Өз кезегінде, олар зергерлік бұйымдардың жоғары құндылығын ғана емес, сонымен қатар адамдардың әлеуметтік мәдениетіне жаңа бағыттардың енуін де куәландырады. Осылайша, автор зергерлік бұйымдарды этногенез процестерімен, этномәдени қарым-қатынастармен байланысты дәстүрлі мәдениет объектілері ретінде талдауға көңіл бөледі.