ХІХ-ХХI ғасырдың басындағы визуалды дереккөздердегі қазақ отбасының бейнесі: дәстүрдің көрінісі және заманауилықтың ықпалы

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JH.2023.v110.i3.17
        319 219

Аннотация

Қазіргі кезеңде 1989 жылдан бері БҰҰ Бас Ассамблеясының назарында болған отбасы институтын және отбасы құндылықтарын нығайту міндеттері өзектілікке ие болып тұр. 2016 жылы Қазақстанда 2030 жылға дейінгі отбасы және гендерлік саясат тұжырымдамасы қабылданды. Отбасы ең маңызды әлеуметтік микроқұрылым ретінде бүкіл әлеуметтік жүйенің құрамдас бөлігі болып табылады. Отбасы институтын әр түрлі ғылым салаларының өкілдері, соның ішінде этнографтар, әлеуметтанушылар, отбасы психологтары, заңгерлер, саясаттанушылар зерттеп жатыр. Тарих ғылымында отбасы тарихының мәселелері әлеуметтік тарих саласымен қарастырылады. Отбасы тарихын зерттеуге арналған дереккөздерге отбасы құрамы туралы статистикалық деректерден тұратын дәстүрлі құжаттар, отбасылық-неке қатынастарының құқықтық нормаларының сипаттамалары, эго-құжаттар (хаттар, күнделіктер, естеліктер) және фотосуреттер, деректі және көркем фильмдер, отбасылық мұрағаттағы бейнероликтерде ұсынылған отбасы тарихының визуалды дәлелдері жатады.

Ғылыми айналымға енгізілген отбасы тарихына қатысты тарихи визуалды дереккөздердің мазмұнының көп қырлылығы тарихшылар алдында қазақ қоғамындағы отбасы институтында дәстүрден қазіргі заманға дейін болған өзгерістерді өлшеу сипаттамаларына көзқарастарды әзірлеу міндетін қояды. Мақаланың мақсаты ХІХ ғ.соңы мен ХХІ ғ. басына дейін визуалды және аудио-визуалды дереккөздерін талдау негізінде қазақ отбасы бейнесінде дәстүрлі нормалар мен жаңғырту үдерістерінің бейнелену ерекшеліктерін анықтау.

    Ұсынылған мақалада қазақ отбасының жүз жылдан астам уақыт бойы фотосуреттер мен кинода, бейне видеоларда, қалай бейнеленгені, дәстүрлі нормалардың көрнекі дереккөздерде қалай көрініс тапқаны және модернизация мен жаһандану процестері қазақ отбасының визуалды бейнесіне қалай әсер ететіні, қандай өзгерістер болғаны зерттеледі. ХХ-ХХІ ғасырлардағы қазақ отбасыларының ресми және халықтық фотосуреттерінен байқауға болады. Бұл жұмыстың практикалық маңыздылығы Қазақстандағы отбасының визуалды бейнесі туралы идеяларды зерттеуде жатыр.

Кілт сөздер: отбасылық сурет, дәстүр, модерн, бейне, қазақтар, отбасылық жады, отбасының визуализациясы.

Автордың биографиясы

D. B. Assymova, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Қазақстан, Алматы

Доктор PhD,  и.о. ассоциированного профессора Казахского национального педагогического университета им. Абая, Алматы, Казахстан

Жүктелулер

Как цитировать

Dalayeva Т. Т., & Assymova, D. B. (2023). ХІХ-ХХI ғасырдың басындағы визуалды дереккөздердегі қазақ отбасының бейнесі: дәстүрдің көрінісі және заманауилықтың ықпалы. КазҰУ Хабаршысы. Тарих Сериясы, 110(3). https://doi.org/10.26577/JH.2023.v110.i3.17

Шығарылым

Бөлім

Раздел 3 Aрхеология и этнология