Ауызша тарих контекстіндегі Шығыс Қазақстандағы депортация процестері

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JH.2023.v110.i3.07
        161 210

Аннотация

Макалада Кеңес мемлекетінің халықтардың ұлттық ерекшелігіне қарай Қазақстанға жаппай жер аудару саясаты талданады. Ұсынылған мақаланың мақсаты ауызша тарихты тарихи зерттеудің әдісі мен дерек көзі ретінде қолдана отырып, жекелеген халықтардың Шығыс Қазақстан аумағына күштеп қоныс аударуын зерттеу. Мақаланың негізгі дерек көздері Шығыс Қазақстан аумағындағы далалық зерттеу материалдары болып табылады.

Жинақталған далалық материалдардың басты құндылығы - ғылыми айналымға жаңа фактілік материалдарды енгізілуінде.  Ақпарат берушілермен сұхбат барысында жиналған деректер  отандық тарихтағы ХХ ғасыр оқиғаларын  толықтырып, нақтылауға мүмкіндік береді. Ресми құжаттар, мұрағаттық дереккөздер, ауызша тарих материалдары негізінде  қоныстанушылардың саны мен қоныстануы, жер аударудың барысы, ауқымы мен салдары,  қоныстанушылардың бейімделуі және өмір сүруі жеке және ұжымдық жады призмасы арқылы қарастырылады. Деректерді талдау негізінде жер аударылу куәгерлері мен олардың ұрпақтарының естеліктерін ұжымдық есте сақтаудың бір түрі ретінде қарастыруға болады. Авторлар күштеп қоныс аударудың куәгерлері мен олардың ұрпақтарының естеліктерін негізге алу - зерттеліп отырған аймақ аумағындағы саяси, демографиялық, этникалық процестердің ерекшеліктерін анықтауға мүмкіндік береді деген қорытындыға келеді.

Түйін сөздер: депортация, этностар, немістер, шешендер, тарихи жады, арнайы қоныс аударушылар.

Жүктелулер

Как цитировать

Zhankadamova G. А., Atantaeva, B., & Akhmetova, R. D. (2023). Ауызша тарих контекстіндегі Шығыс Қазақстандағы депортация процестері. КазҰУ Хабаршысы. Тарих Сериясы, 110(3). https://doi.org/10.26577/JH.2023.v110.i3.07

Шығарылым

Бөлім

Раздел 1 История отечества