Империялық тәртіпке үлгілі бейімділу: Байтокин әулетінің қызметі, өмірі, дворяндығы

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JH.2023.v110.i3.08
        93 89

Аннотация

Қазақ даласындағы ХІХ ғасырдағы әлеуметтік өзгерістер қазақ қоғамында жаңа әлеуметтік топтардың, атап айтқанда дворяндардың, құрметті азаматтардың, империялық шенеуніктердің, интеллектуалдардың пайда болуына үлкен ықпал етті. Империяның артықшылыққа ие әлеуметтік топтар қатарына енуі сұлтандармен байланысты болғанымен, қазақ қауымында ақсүйектерден басқа да топтар дворяндық атағын ала алды. Бұл отбасылар дворяндық мәртебесіне жеке еңбегі мен империялық билікке деген адалдығы арқылы қол жеткізді, Қазақ қоғамындағы элиталық емес топтарға орыс әкімшілігі де жол ашып берді. Байтокиндер әулеті империялық шенеуніктері мен жергілікті новаторлар ретіндегі адал қызметтің ерекше үйлесімін көрсете отырып, Қазақ дворяндығының ерекше мысалын көрсетіп отыр. Бұл мақалада Байтокиндер әулетінің Қазақ дворяндары ретіндегі және олардың империялық саяси-әлеуметтік тәртіпке бейімделу қабілеті зерттеледі. Сондай-ақ, ұсынылған мақалада Байтокиндердің бүкіл Қазақ даласына империялық билікті таратудағы және өздері басқарған халықтың әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосудағы ықпалды рөлі айқындалады. Алға қойылған негізгі аргумент – Байтокиндер Орта жүз қазақтарының отырықшы өмір салтын қабылдауына ықпал ете отырып, Қазақ даласындағы империяның институциялануына елеулі үлес қосты деп белгілеуге болады.

Жүктелулер

Как цитировать

Tuleshova, U. (2023). Империялық тәртіпке үлгілі бейімділу: Байтокин әулетінің қызметі, өмірі, дворяндығы. КазҰУ Хабаршысы. Тарих Сериясы, 110(3). https://doi.org/10.26577/JH.2023.v110.i3.08

Шығарылым

Бөлім

Раздел 1 История отечества