Герхард Шредердің Германияның әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы көзқарастарының тарихы
DOI:
https://doi.org/10.26577/JH.2023.v110.i3.012Аннотация
Бұл мақалада Германияның «қызыл-жасыл» коалициясының басында тұрған Г.Шредердің ішкі және сыртқы саясаттағы көзқарастары талқыланады. Әлемнің кез келген елін алып қарасақ, мемлекеттің саяси-әлеуметтік, экономикалық, рухани және басқа да салаларындағы реформалар әрбір үкімет басшысы кезінде белгілі бір бағдарлама бойынша жүргізілгенін көреміз. Бұл мақалада біз де ГФР-ның «қызыл-жасыл» коалициясының басында тұрған Г.Шредердің ішкі және сыртқы саясаттағы көзқарастарын талдай отырып, Германияның экономикалық және әлеуметтік дамуын жарыққа шығаруға тырыстық. Өйткені Германия мемлекеті тек Еуропада ғана емес, дүниежүзінде де демократиялық әлеуметтік принциптерді бойына сіңіріп, бай тәжірибесі бар және барлық салада әлем елдерінің қатарынан өз орнын алып отыр десек қателеспеген болар едік.