СҰЛТАН БЕЙБАРЫСТЫҢ КРЕСТ ЖОРЫҚТАРЫ КЕЗІНДЕГІ СЫРТҚЫ САЯСАТЫ
DOI:
https://doi.org/10.26577/JH.2023.v108.i1.011Аннотация
Мақалада авторлар, Бейбарыс сұлтанның крест жорықтары кезеңіндегі сыртқы саясатының негізгі бағыттарына, соның ішінде, крестшілер негізін қалаған христиан мемлекеттерімен, Жерорта теңізіндегі сауда жолдарын қолына ұстаған Генуя, Венеция мемлекетімен, әскери-саяси күш ретінде қалыптасқан діни-рыцарлық ордендермен және моңғолдармен байланысы, моңғолдар мен крестшілерге қарсы күресінің сипаты, нәтижелері және осы хронологиядағы халықаралық қатынастардың ерекшелігін көрсетуді мақсат етеді. Бейбарыстың сыртқы саясатының ерекшелігін, басты ұстанымын салыстыру үшін салыстырмалы-тарихи, когнитивті, ғылыми-герменевтикалық, синхронды әдіс қолданылды. Мақалада Бейбарысқа қатысты отандық, шет елдік тарихнаманың ерекшелігі мен негізгі ұстанымдары анықталды.
Бейбарыс – Таяу Шығыстағы екі ғасырға созылған крест жорықтары дәуірін аяқтап, ХІІІ ғасырда халықаралық қатынастар жүйесінде маңызды өзгерістердің негізін қалады.
ХІІІ ғасырда Таяу Шығыстағы халықаралық қатынастардың сипатына өзгеріс әкелген оқиға – крест жорықтары болды. Бейбарыс, ең алдымен өз мемлекетінің шекарасын моңғолдар мен крестшілерден қорғауды ұйғарды. Мысырға крестшілердің одақтасы ретінде моңғолдар да қауіп төндірді. ХІІІ ғасырда Еуропа мемлекеттері үшін моңғолдар жеңілмейтін күш ретінде қарастырылды. Таяу Шығыста моңғолдарға тек мәмлүктер қарсы тұра алатын. Себебі, мәмлүктер шайқаста жаяу әскерді сирек пайдаланды, көп жағдайда атты әскерге арқа сүйеді. Мәмлүктердің негізгі тактикасының бірі – жауға жебе оғын бұршақша жаудырып, бас көтертпеу болды. Мәмлүктер Газа маңында крестшілерді осы тактикамен тоқтатты. Бейбарыс, моңғолдардың жеңілмейтіндігі туралы мифті жойған және Таяу Шығысты крестшілерден азат еткен қолбасшылардың бірі ретінде тарихта қалды.
Түйін сөздер: Бейбарыс, мәмлүктер, Мысыр, крест жорықтары, моңғолдар, рыцарлық ордендер, Генуя, Венеция