Нәзір Төреқұловтың тұлға ретінде қалыптасуы: Мәскеу коммерциялық институтында оқыған жылдары

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JH.2023.v109.i2.04
        115 132

Аннотация

Бұл мақалада отан тарихында өз орнын ала алмай келіп, егемен ел болып тарихымызды түгендей түскенде халқына қайта қауышқан Нәзір Төреқұловтың тұлғалық қалыптасуындағы Мәскеу коммерциялық институтында оқыған жылдары қарастырылады. Ұлтының болашағына жол көрсетіп, халық мүддесі үшін аянбай еңбек еткен қайраткер Нәзір Төреқұлов өмірінің бір кезеңі жаңадан табылып отырған архивтік құжаттар, басылым мәліметтері мен зерттеу еңбектері негізіндегі деректермен тарихи талданды.  Кеңестік биліктің биік лауазымында қызмет еткен қазақ қайраткерінің өмірі мен Мәскеу коммерциялық институтында алған білімі, тілдерді меңгеруі және тікелей араласқан қоғамдық-саяси үдеріс бастауларының себеп-салдарлық байланыстары анықталды. Тұлға қалыптасуының белгілі бір кезеңін қарастыруда тарихи деректер мен тұжырымдалған фактілердің мазмұнын ашуға бағытталған салыстырмалы талдау, болжам жасау, талдау тәсілдері жалпы ғылыми және тарихи принциптер негізінде қолданылды.

Ғылыми мақаланың жаңалығы ретінде тарихи тұлға өмірі мен қоғамдық қызметінің шынайы бейнесін дәлелді тұжырымдар мен тың архив құжаттары негізінде ғылыми қалпына келтірілуін жатқызуға болады. Зерттеу нәтижелерін отандық тарих ғылымында Нәзір Төреқұлов туралы жинақталған деректерді қорытындылауда және әдіснамалық басшылыққа алуда қолдануға болады.

Жүктелулер

Как цитировать

Issayev М. S., Batyrbekkyzy, G., & Baygapanova А. B. (2023). Нәзір Төреқұловтың тұлға ретінде қалыптасуы: Мәскеу коммерциялық институтында оқыған жылдары. КазҰУ Хабаршысы. Тарих Сериясы, 109(2). https://doi.org/10.26577/JH.2023.v109.i2.04

Шығарылым

Бөлім

Раздел 1 История отечества