Коммуникация аймақтардың интеграция факторы ретінде: Жетісу облысында пошта тасымалы (XIX ғасырдың екінші жартысы)

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JH.2023.v109.i2.02
        91 110

Аннотация

Аңдатпа

Ақпараттық қоғам концепциясы бойынша заманауи техникалық құралдар қоғамның әлеуметтік дамуының қозғаушы күші. Яғни, байланыс жүйесінің жаңа түрлерінің, коммуникацияның пайда болуы қоғамның дамуына әсер етіп, мәдениет пен өркениеттің жаңа деңгейіне алып келеді. Коммуникация  - ақпараттың, білімнің, рухани құндылықтардың, моральді және құқық нормаларының техникалық құралдар арқылы саны жағынан үлкен кеңістікке таратылуы процессі. Ресей империясы жерінде поштаның дамуы жаңа жол жүйелерінің пайда болуына алып келіп, оларда қауыпсыздік пен тәртіп орнауына себепші болды. Ал XIX ғасырдың соңында және XX ғасырдың басында темір жолдың және басқа да транспорттардың дамуы пошта мен телеграф қызметін мемлекеттік, халықаралық деңгейге көтеріп коммуникация деңгейін арттырды. Бұл мәдениет, ұлт аралық қатыснас деңгейін арттырып біз қарастырып отырған кеңістіктің әлемдік, империялық масштабтағы оқиғалар мен процестерге интеграциялануына мүмкіндік берді.

Мақаланың мақсаты Жетісу облысында пошта тасымалы, пошта мекемелерінің  коммуникация түрі болып аймақтардың интеграциялануындағы  орнын зерттеу болып табылады. Соның негізінде мақаланың негізгі зерттеу мәселесі XIX ғасырдың екінші жартысында пошта қызметінің Жетісу облысында дамуы арқылы Ресей империясымен аймақ қалай өзара байланыс орнатып, жалпы үлкен империялық жүйеге интеграцияланып, одан қандай экономикалық, әлеуметтік, мәдени нәтижелерге алып келгендігін қарастыру болды. Әлемдік тәжірибеде пошта жүйесіндегі болған практикаларды салыстырмалы қарастырылады.  Отар мемлекет пен метрополия арасындағы қатынас пошта тасымалы қызметінде қалай көрініс тапқандығы зерттелді. Жалпы пошта әкімшілік жүйесінің құрылымдық элементтері, пошта тасымалы алгоритімі сараланып аймақтың өзіндік ерекшеліктері анықталды.

Түйін сөздер: коммуникация, пошта, телеграф, коммуникация, пошта жолдары, қатынас жолдары, земстволық пошта.

Жүктелулер

Как цитировать

Iskakova, G. Z., Teleuova E. Т., & Asylbekov К. (2023). Коммуникация аймақтардың интеграция факторы ретінде: Жетісу облысында пошта тасымалы (XIX ғасырдың екінші жартысы). КазҰУ Хабаршысы. Тарих Сериясы, 109(2). https://doi.org/10.26577/JH.2023.v109.i2.02

Шығарылым

Бөлім

Раздел 1 История отечества