ШЫҢҒЫС ХАН ҰРПАҚТАРЫ МЕН ДВОРЯНДЫҚ СОСЛОВИЕ: ПАТША ҮКІМЕТІ ТҰСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ЭЛИТАСЫНЫҢ КӨПИДЕНТИКАЛЫҚ СИПАТЫ
DOI:
https://doi.org/10.26577/JH.2023.v108.i1.05Аннотация
Империя дәуіріндегі тұлғалардың өмірбаяндары империя әлеуметтік тарихын зерттеудің маңызды аспектісі болып табылады және шекаралық аймақтардағы шынайы әлеуметтік жағдайды сипаттауда ерекше құндылыққа ие болатыны анық. Ресей империясының билігі кезеңіндегі Қазақ элита өкілдерінің өмірбаянын зерделеу кезінде тұлғаның қалыптасуына дәуірдің ықпалын зерттеп, әлеуметтік-мәдени контексттің ерекшеліктерін ескеру аса маңызды. Бұл зерттеуде біз бағынышты болған субъектісін ауыстыра отырып, империялық қоғамда да, қазақ көшпелілерінің арасында да – екі жақта да қолайлы позицияларды сақтауға тырысқан дәстүрлі Қазақ элитасы тұлғаларының әлеуметтік сипатына тоқталамыз. Мақаланың негізгі тұжырымы Шыңғыс хан ұрпақтары болған Қазақ сұлтандары көп идентикалық бағытты қабылдап, «сұлтан» статусын сақтап, империя тарапынан берілген сословиелік артықшылықтарды да иелене отырып, жаңа империялық әкімшілік-әлеуметтік тәртіпке бейімделе алғанын дәлелдеу болып табылады. Оның үстіне, Қазақ сұлтандарының өздерін көшпелі қазақ халқының ақсүйек топтары ретінде қабылдауы, қазақ халқына қызмет етіп, оны билеген әлеуметтік топ ретінде, олардың дворян атағы мен империялық қоғамдық құрылымдағы жоғары орнын ескере отырып, көрсетуді ұсынамыз. Бұл динамиканы жақсы түсіну үшін бұл зеттеудің негізіне қазақ дворяндарының атақты өкілдері, Уәлихановтардың бірнеше әулеті мысалға алынады. Мақалада дәстүрлі Қазақ аристократиясының көп идентикалық тұлғасының қалыптасуы мен табиғатын, оның жаңа тәртіптерге бейімделу үрдісі мен жолдарын өмірбаяндық және әлеуметтік-тарихи әдіснамалық аспектіде зерттеу мақсаты қойылған.