ПБЖП ЛЮБЛИН ВОЕВОДАЛЫҚ ПАРТИЯЛЫҚ КОМИТЕТІНІҢ ПАРТИЯЛЫҚ ҚҰЖАТТАРЫ: САҚТАУ ЖӘНЕ ПАЙДАЛАНУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
DOI:
https://doi.org/10.26577/JH.2023.v108.i1.08Аннотация
Мақалада екінші дүниежүзілік соғыстан кейін КОКП -ның қолдауымен Польшадағы билік партиясына айналған ПБЖП партиясының воеводалық архивтерінің құрылуы, қызметі және оларда сақтаулы құжаттар құрамы туралы баяндалады. Соның ішінде сол кезеңде Польшада үлкен қоғамдық беделге ие болған католик шіркеуінің қызметімен күресуге бағытталған партиялық комитеттегі діни бөлімнің құжаттарының тарихи құндылығы сипатталады. Люблин воеводалық партиялық архивіндегі құжаттар құндылығын сараптау, құпия құжат түрлері, мемлекеттік және партиялық құпияны сақтауға бағытталған шаралар қарастырылады. Сонымен бірге воеводалық партиялық архивтерде әр түрлі кезеңдегі архивтік құжаттардың зерттеушілерге қолжетімділік деңгейі мен жұмыс жасаған зерттеушілер саны мен құрамы туралы ақпарат келтіріледі. Воевода партиялық комитеттерінің архивтері жұмысын реттейтін нормативтік ұйымдастырушылық базасы сипатталады. Воеводалық партия комитеттері жұмысындағы мемлекеттік және партиялық құпияны қорғау мәселесі қарастырылады. 1990 жылы ПБЖП өз жұмысын тоқтатқаннан кейінгі партиялық құжаттардың мемлекеттік сақтауға өткізу процессіндегі қиыншылықтар мен тарихи маңызы бар партиялық құжаттардың жойылу фактілері сипатталады. Ерекше маңызы бар құпия құжаттарға Қазақстан Республикасы Президенті Архивінің Қазақстан Компартиясы Орталық Комитеті қорында сақтаулы «ерекше папкалар» құжаттарымен салыстырмалы талдау жасалады.