АСПАН БАТЫРЫ: ТАЛҒАТ БИГЕЛДИНОВ

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JH.2023.v108.i1.02
        171 288

Аннотация

Мақалада Талғат Бигелдиновтың туған жері, балалық шағы және оның бала кезінен армандаған ұшқыштар мектебіне оқуға түсіп, қалыптасуы туралы айтылады. Ұшқыш тәжірибесін жинақтаған оның Ұлы Отан соғысына аттануы, соғыста Ил-2 ұшқыш-шабуылдаушы ұшағымен жауынгерлік тапсырмаларды ерлерше орындағаны қарастырылады. 1943 жылы қыркүйекте Днепр үшін, сонымен қатар Львов, Краков, Сандомие қалаларын азат ету мен Генденбург, Оппальн, Сосновице, Катовице қалаларын басып алудағы әуе шайқасында көрсеткен қаһармандығы сипатталады. Талғат Бигелдиновтың 1945 жылы Берлин қаласын алудағы әскери әуе операциясына қатысып, ол жойған жау техникасы мен адам күші туралы дәлелдер келтіріледі.  Оның соғыс жылдары бірнеше мәрте әскери операцияларға қатысып, сан мәрте әуеге көтерілуі көрсетіледі. Ұшақтың хас шебері атанған Т.Бигелдиновтың әуе айқасындағы ерліктері үшін, оның жоғары қолбасшылықтан алған марапаттары және екі мәрте Кеңес Одағының батыры атағын алу тарихы айқындалады. Оның соғыс жылдары басып өткен жауынгерлік жолдары мен аспан батырына айналуы сипатталады. Соғыстан кейінгі бейбіт өмірде ел авиациясы мен қоғамымызға қосқан үлесі, елімізде оның есімімен аталатын әскери оқу орындары, ол туралы жазылған кітаптар көрсетіліп,  өмірінің соңғы күндері баяндалады.

Түйін сөздер: Ұшқыш, батыр, ерлік, қаһарман, әскери-әуе күштері, авиация, ұшақ, ұшқыш-шабуылдаушы, шабуыл, шайқас, соғыс, армия, әуежай.

Жүктелулер

Как цитировать

Sailan, B. S. (2023). АСПАН БАТЫРЫ: ТАЛҒАТ БИГЕЛДИНОВ. КазҰУ Хабаршысы. Тарих Сериясы, 108(1). https://doi.org/10.26577/JH.2023.v108.i1.02

Шығарылым

Бөлім

Раздел 1 История отечества