Осман мемлекеті мен Византия империясының саяси байланыстары (византиялық деректер бойынша)

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JH.2022.v107.i4.010
        86 237

Аннотация

XIV ғасырда түріктердің Кіші Азияда үстемдікке қол жеткізуі және Осман сұлтандығының құрылуы бұл мемлекетті Византиямен шекаралас етті. Мемлекеттердің шекаралас болуы соғыс жағдайларын қалыптастырды және саяси мәселелердің тууына алып келді. Сонымен бірге, мемлекеттер арасында бір жарым ғасырдан астам уақытқа созылған көршілік қарым-қатынастар мен өзара саяси процестердің орын алуына ықпал етті. Екі мемлекеттің байланыстары әр түрлі деңгейде болып, ол саяси мәселелерге байланысты құбылып отырды. Бұл туралы византиялық деректер көптеген мәліметтер береді. Ұсынылып отырған ғылыми мақалада, византиялық деректер бойынша Осман сұлтандығының құрылуынан бастап түріктердің Константинопольді алуына дейінгі Византиямен байланыстарының тарихы қарастырылады. Орта ғасырлық византиялық авторлардың хроникаларында берілген мәліметтердің негізінде XIV-XV ғасырларда түріктердің Кіші Азиядағы саяси әрекеттері мен олардың Византияға келуі және өзара мемлекетаралық елшілік, сауда қатынастарына зерттеу жүргізіледі. Осман сұлтандығы мен Византияның қарым-қатынастарының негізгі бағыттары және оның саяси мазмұны ғылыми талдауға түседі. Осман мемлекетінің Балқандағы саяси әрекеттері мен Византия империясының түрік мемлекетінің дамуына қатысты ұстанымдары зерттеледі. Екі мемлекет арасындағы саяси оқиғаларды зерттеуде византиялық деректерге салыстырмалы талдау жасау мақаланың басты міндеттерінің бірі саналады.

Түйін сөздер: Осман мемлекеті, Византия империясы, Византиялық деректер, Византиялық хроникалар, Сыртқы байланыстар.

Жүктелулер

Как цитировать

Zhumagulov, K. T., & Abdukadyrov, N. M. (2022). Осман мемлекеті мен Византия империясының саяси байланыстары (византиялық деректер бойынша). КазҰУ Хабаршысы. Тарих Сериясы, 107(4), 80–89. https://doi.org/10.26577/JH.2022.v107.i4.010

Шығарылым

Бөлім

Раздел 2 Всемирная история