Империялық ветеринарлық «қамқорлық» риторикасы ретінде: қазақ даласындағы малдың жаңа жақсартылған тұқымдарын енгізу шаралары

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JH.2022.v106.i3.025
        55 59

Аннотация

Мақалада Ресей империясының қазақтардың дәстүрлі мал шаруашылығы жүйесіне, атап айтқанда, жылқы шаруашылығы мен ірі қара мал шаруашылығының дамуына араласу механизмдерінің ықпалы талданады. Орталық биліктің қазақ даласындағы мал басын күту мен ұстауға қатынасы сенімсіз, тұрақсыз жүйе ретінде айқындалды. Бұл қазақтың мал шаруашылығының шын мәніндегі күрделі және ерекше сипатын жете бағаламаумен сипатталады. Орталық билік қазақ даласының табиғи-климаттық жағдайына қарамастан, шөп шабу мен шабындық мәселесін шешу арқылы қарапайым шаруашылықты табиғи апаттардан құтқаруға жанжақты тырысты; сондай-ақ, даланың қатал климатта өмір сүру мүмкіндігіне және қазақтың өз қажеттіліктерін қамтамасыз ету, төзімді ұрпақ алу ерекшеліктеріне қарамастан, мал басын басқа тұқымдармен шағылыстыру арқылы жақсартуға ден қойды. Патша әкімшілігі бұл төзімділіктің қажеті жоқ деп санады. Мал шаруашылығы дамуының баламалы жолын, ауыр жүк тартатын жегін малды өсіруді ұсынды, өз кезегінде атты әскерге биік бойлы, салт мінетін жылқылар қажет болды. Осы тұрғыдан алғанда, мал шаруашылығын жақсарту риторикасы экономикалық қажеттіліктен туындаған, қазақ даласындағы империялық басқаруды ақтаудың бір түрі болды.

Жүктелулер

Как цитировать

Duisebayeva, A. (2022). Империялық ветеринарлық «қамқорлық» риторикасы ретінде: қазақ даласындағы малдың жаңа жақсартылған тұқымдарын енгізу шаралары. КазҰУ Хабаршысы. Тарих Сериясы, 106(3), 247–254. https://doi.org/10.26577/JH.2022.v106.i3.025

Шығарылым

Бөлім

Вестник КазНУ: Серия историческая