ҚР ПРЕЗИДЕНТІ АРХИВІНДЕГІ КЕҢЕСТІК КЕЗЕҢДЕГІ ҚАЗАҚСТАН КОМПАРТИЯСЫ ҚҰЖАТТАРЫН ҚҰПИЯСЫЗДАНДЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JH.2022.v106.i3.016
        129 110

Аннотация

Кеңестік дәуірде еліміздің мемлекеттік және қоғамдық мекемелерінің жұмысына тікелей басшылық жүргізген КОКП архивтік қорының құжаттары еліміздің тарихын зерттеуде алатын орны ерекше. Мемлекеттік архив қорына енбеген және партиялық архивтерде құпиялық режимде сақталып келген партиялық құжаттардың 80 пайызының құпиялық грифі бар еді. КСРО ыдырағаннан кейін Ұлттық архив қорының құрамына енген партиялық құжаттарды ғылыми айналымға енгізудің негізгі мәселелері: оларды интеграциялау, жүйелеу және құпиясыздандыру еді. Зерттеу мақсаты: посткеңестік мемлекеттерде КОКП-ның құжаттарын құпиясыздандыру процесі мен деңгейін сипаттау, құпиясыздандыру кезінде басшылыққа алынған принциптерді ашып көрсету. Мақалада Қазақстан Республикасы Президенті Архивінде сақтаулы Қазақстан Компартиясы құжаттарын кеңестік тоталитаризмнің саяси, идеологиялық себептермен әр түрлі құпиялық грифтері қойылған құжаттар кешенін кеңінен ғылыми айналымға енгізу мақсатымен құпиясыздандыру мәселелері қарастырылады. Автор кеңестік дәуірде партия аппаратының қоғамды идеологизациялау құралы ретінде архивтік ақпараттардың қолдануын және партиялық архив құжаттардың қол жетімсіздігі қатаң бақылауда болғанына тоқталады. Бұрынғы кеңестік мемлекеттердегі КОКП архив құжаттарын құпиясыздандыру жұмысының құқықтық, әдістемелік, ұйымдастырушылық, техникалық мәселелері туралы жазылған ғалым, архивистердің еңбектеріне талдау жасайды.

Жүктелулер

Как цитировать

Alimgazinov, K., & Shotayev, M. (2022). ҚР ПРЕЗИДЕНТІ АРХИВІНДЕГІ КЕҢЕСТІК КЕЗЕҢДЕГІ ҚАЗАҚСТАН КОМПАРТИЯСЫ ҚҰЖАТТАРЫН ҚҰПИЯСЫЗДАНДЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ. КазҰУ Хабаршысы. Тарих Сериясы, 106(3), 158–167. https://doi.org/10.26577/JH.2022.v106.i3.016

Шығарылым

Бөлім

Вестник КазНУ: Серия историческая