ХVІІІ-ХІХ ҒҒ. ҚАЗАҚ АҢШЫЛЫҒЫНЫҢ ЗЕРТТЕЛУІ

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JH.2022.v106.i3.014
        78 167

Аннотация

Қазақ халқының тарихы мен этнографиясы патшалық Ресей саяхатшылары, шенеуніктері, әскери офицерлері және зерттеушілері тарапынан әртүрлі мақсатта қызығушылық тудырып, үнемі зерттеу нысанында болды. Олардың еңбектерінде қазақ халқының дәстүрлі аңшылығы мен аңшылықтың әдістері, тәсілдеріне қатысты құнды мәліметтер ерекше орын алды. Әр кезеңде осы мәселемен айналысқан ғалымдар патшалық зерттеушілерінің еңбектеріне сүйеніп, талдаулар жасап ғылыми айналымға мүмкіндігінше енгізіп отырды. Дегенмен, патшалық үкімет зерттеушілерінің көптеген еңбектері назардан тыс қалып, қазақ аңшылығына арналған зерттеулер ретінде жинақталып, толық талданбады. Біз осы мақаламызда ХVІІІ-ХІХ ғғ. патшалық Ресей зерттеушілерінің еңбектеріндегі дәстүрлі қазақ аңшылығына қатысты мәліметтерді ғылыми айналымға енгізіп, оның маңыздылығын ашуға талпыныс жасаймыз. Жұмыстың деректанулық негізін орыс зерттеушілерінің еңбектері мен ҚР ОМА-ның құжаттары құрайды. Аталған деректерді талдау барысында қолданылған деректанулық әдіс қазақ халқының дәстүрлі аңшылығы жайлы мағлұматтарды егжей-тегжейлі зерттеп, ғылыми тұрғыда талдау жасауға мүмкіндік береді. Келтірілген деректер мен мәліметтер ХVІІІ-ХІХ ғғ. қазақ аңшылығының дамуын, аймақтық ерекшеліктерін, пайда көзіне айналуы мен оның өзгеріске ұшырау себептерін, аң аулау тәсілдерін айқындауға жол ашты.

Жүктелулер

Как цитировать

Ishkalova, G. (2022). ХVІІІ-ХІХ ҒҒ. ҚАЗАҚ АҢШЫЛЫҒЫНЫҢ ЗЕРТТЕЛУІ. КазҰУ Хабаршысы. Тарих Сериясы, 106(3), 138–144. https://doi.org/10.26577/JH.2022.v106.i3.014

Шығарылым

Бөлім

Вестник КазНУ: Серия историческая