АЛТЫН ОРДА ТАРИХЫНДАҒЫ ТАЙПА БЕКТЕРІНІҢ РӨЛІ МЕН ҚЫЗМЕТІ
DOI:
https://doi.org/10.26577/JH.2022.v106.i3.011Аннотация
Мақалада Алтын Орда тарихындағы ру-тайпа бектерінің қызметі, орны мен рөлі қарастырылады. ХІV ғасырдың аяғы – ХV ғасыр басынан жергілікті түркі және түркіленген рутайпа әмірлері дербестікке ұмтылып, XIV ғасырға дейінгі кезеңмен салыстырғанда мемлекеттің әкімшілік-саяси өмірінде маңызды рөл атқара бастайды. Бұл процесс ХІV-ХV ғасырларда күшейіп, анық байқалды. Бұл кезеңде жергілікті ру-тайпалардың басшылары болып келетін әмірлер мен бектердің билігі мен Алтын Орда халқын құраған ірі тайпалардың ықпалы өсе түседі. Алтын Орданың гүлденуі кезеңінде бірте-бірте мемлекеттің саяси өмірінде белсенді рөл атқара бастаған жергілікті ру-тайпа көсемдерінің тарихи орны мен қызметі туралы ортағасырлық деректер мен ауыз әдебиеті деректерінде мол мәліметтер бар. Әсіресе, олар туралы тарихи ақпарат халық жадында ауызша тарих айту дәстүрінде кеңінен сақталып қалған. Мақалада зерттеу еңбектерін талдау мен жазба және ауыз әдебиеті мәліметтері негізінде Алтын Орда тарихында Тоқтамыстың ең жақын серігі, нөкері ретінде аталатын Исабек маңғыт, арғын Қарақожа, Өзбек ханның тұсында ұлық қараша би болған найман Құтлық Бұқа, минг Алатай, қыйат Исатай және т.б. ру-тайпа бектерінің қызметі мен рөлі талданған. Алтын Орданың саяси өмірінде жергілікті ру-тайпа өкілдерінен шыққан ру-тайпа әмірлері, тайпа бектерінің ықпалы біртіндеп күшейіп, олар белгілі бір кезеңдерде саяси өмірде шешуші рөл атқара бастағанын көреміз. Сондықтан тайпа бектерінің қызметін зерттеу Алтын Орданың этникалық тарихы мен қоғамды-саяси құрылым, ішкі, сыртқы саясаты туралы бірқатар мәселелерді жаңа қырынан қарастыруға мүмкіндік береді.