Қорғасын жеңіс үшін: Шымкент қорғасын зауыт қызметкерлерінің тұрмыстық және еңбек жағдайлары

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JH.2022.v106.i3.07
        72 131

Аннотация

Қоғамның даму деңгейінің маңызды сипаттамасы – материалдық және тұрмыстық жағдайлар, оның ішінде адамдар өмірінің өндірістік аспектілері, яғни адамның өндіріске жұмсайтын күнделікті өмірінің бір бөлігі. Тарихи ретроспективада жұмысшылардың өмір сүру жағдайларын, өмірі мен жұмысын зерттеу ресурстардың апатты жетіспеушілігінен де, өндірістік процестің жеткіліксіз ойластырылуынан да кеңестік қоғам тарихының объективті бейнесін жасаудың қажетті шарты болып табылады. Мақалада әлеуметтік тарих пен күнделікті өмір тарихының көзқарастары тұрғысында КСРОның қорғаныс қабілетін арттыруға елеулі үлес қосқан қорғаныс кәсіпорындары қызметкерлерінің материалдық-тұрмыстық жағдайлары мен еңбек жағдайлары талданған. Ұсынылып отырған мақаланың мақсаты мен міндеттері Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының мұрағаттарынан алынған авторлардың бірқатар тарихи дереккөздерді ғылыми айналымға енгізу және талдау арқылы шешілетін болады. Қорғаныс кәсіпорындары қызметкерлерінің өмірі мен жұмысының материалдық-тұрмыстық жағдайлары КСРО қорғасын өндіру бойынша негізгі зауыттардың бірі болып табылатын Шымкент қорғасын зауытының (ШҚЗ) материалдары негізінде қарастырылатын болады.  1935 жылы белгілі жетістіктері үшін зауытқа М.И. Калинин атауы берілді, ал 1939 жылы зауыт ұжымы Кеңес Одағының жоғары наградасы – Ленин орденімен марапатталды. Зауыттың аса маңызы соғыс жылдарында КСРО-ның өнеркәсіп орталығының шығысқа ауысуын ескере отыра әсіресе арта түсті. Мақаланың қорытындысында зауыт жұмысшыларының еңбек жағдайларының нашарлауы, соғыс жылдарындағы жарақаттар мен кәсіптік аурулардың көбеюі туралы авторлардың тұжырымдары берілген

Жүктелулер

Как цитировать

Zharkynbayeva, R., & Doskaliyeva М. (2022). Қорғасын жеңіс үшін: Шымкент қорғасын зауыт қызметкерлерінің тұрмыстық және еңбек жағдайлары. КазҰУ Хабаршысы. Тарих Сериясы, 106(3), 66–74. https://doi.org/10.26577/JH.2022.v106.i3.07

Шығарылым

Бөлім

Вестник КазНУ: Серия историческая