ІҢКӘРДАРИЯ МЕН ЖАҢАДАРИЯ АРНАЛАРЫНЫҢ БАСТАУЫНДАҒЫ ОРТАҒАСЫРЛЫҚ ҚАЛАЛАР МЕН БЕКІНІСТЕР (2021 жылы жүргізілген барлау жұмыстары бойынша)
DOI:
https://doi.org/10.26577/JH.2022.v106.i3.04Аннотация
Мақалада Іңкәрдария мен Жаңадарияның бастауындағы ортағасырлық қалалар мен бекіністерде 2021 жылы жүргізілген зерттеу жұмыстарының алғашқы нәтижелері беріліп, өлкенің зерттелу тарихы, ескерткіштердің орналасқан жері, алып жатқан көлемдері жөнінде тың ақпараттар ұсынылады. Атқарылған зерттеу жұмыстары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің тапсырысымен Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Университет археологиялық барлау тобы (М. Елеуов) жүзеге асырды. Зерттеу жұмыстарының нәтижесінде осы уақытқа ғылыми қоғамның назарынан тыс қалған 7 ескерткіш ашылып, тізімге алынып, олардың үшеуі (Мадиярқала, Жайны және Сайқұдық І) қала орындары, үшеуі асарлар (Үшасар І, ІІ, ІІІ), біреуі бекініс-қамалдың (Жайны) орны екені анықталды. Университеттің барлау тобы кейбір ескерусіз қалған ескерткіштерді есепке алуда археология заңдылықтарына сүйене отырып атау берді. Сондай-ақ университет археологиялық барлау тобы бұрыннан ғылымға белгілі Сырлытамқала, Заңғарқала, Тоқсейітқала, Сайқұдыққала Қожа-қазғанқала және Егембай деп аталтын 6 ескерткіште болып, олардың осы күнгі жай-күйі және қорғалу деңгейімен танысты. ХХ ғасырдың 40-60 жылдар аралығында Сырдарияның төменгі ағысындағы ескерткіштерді есепке алу барысында Хорезм археологиялық-этнографиялық экспедициясы (С. Толстов) тарапынан біршама қателіктер орын алған. Сондықтан мақалада жоғарыда атқарылған жұмыстардағы кейбір қателіктерге түзетулер енгізіліп, ескерткіштердің дұрыс аталуы мен орналасуы және олардың алып жатқан көлемдері қайтадан нақтыланып берілді.