БӘБІШ МОЛА ОАЗИСІНДЕГІ ЖЕРЛЕУ ОРЫНДАРЫНА ЖҮРГІЗІЛГЕН ЗЕРТТЕУЛЕРДІҢ КЕЙБІР НӘТИЖЕЛЕРІ

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JH.2022.v105.i2.04
        59 95

Аннотация

Мақалада Сырдарияның төменгі ағысы, Бәбіш мола оазисіндегі Егісітік, Ақшұқыр кесенелер тобындағы № 1 және 2 кесенелерге жүргізілген қазба жұмысының нәтижелері баяндалады. Қазба жұмысы мен зерттеу барысында кесенелерден адам сүйектерімен қатар керамикалық және ағаш ыдыстар, еңбек құралдары, шаруашылық және әшекей бұйымдары мен қаружарақ түрлері, жануар сүйектері табылды. Табылған барлық археологиялық материалдардың ұқсастықтары мен ерекшеліктері өзге жерлеу орындарынан анықталған материалдармен салыстырылды. Антропологиялық материалдарды талдау барысында, негізінен, алыс-жақын шетелдік ғылымдарда жиі пайдаланылатын краниометриялық өлшемдерді алу, талдау процестері қолданылды. Жануар сүйектерінің коллекциясын зерттеуде археозоологиялық тәсілдерге сәйкес әрбір жануар түрінің қаңқа элементтері, элементтердің бөлшектену үдерістері сипатталып, талданды. 2019-2020 жылдары кесенелерге жүргізілген тұрақты қазба және зерттеу жұмыстары нысандардың біршама бөлігі қайта салынып, бірнеше рет жерлеуге пайдаланылғандығын көрсетеді. Сондай-ақ жерлеу рәсімдері ағаш табыттар мен зембілдерді қолдану арқылы жүргізілген. Қазба барысында алынған керамика, ағаш ыдыстар, қару жарақ, шаруашылық және әшекей бұйымдар секілді құнды әрі бай археологиялық материалдар Бәбіш мола оазисі тұрғындарының жерлеу рәсімдері жайында жаңа бір дерек көзі болады. Түйін сөздер: Шірік рабат мәдениеті, Бәбіш мола оазисі, кесене, антропология, археозоология, археологиялық материалдар.

Жүктелулер

Как цитировать

Утубаев, Ж. Р., Отар, Ә., Ерсариев, А., & Суюндикова, М. К. (2022). БӘБІШ МОЛА ОАЗИСІНДЕГІ ЖЕРЛЕУ ОРЫНДАРЫНА ЖҮРГІЗІЛГЕН ЗЕРТТЕУЛЕРДІҢ КЕЙБІР НӘТИЖЕЛЕРІ. КазҰУ Хабаршысы. Тарих Сериясы, 105(№2), 31–46. https://doi.org/10.26577/JH.2022.v105.i2.04

Шығарылым

Бөлім

Вестник КазНУ: Серия историческая