КЕЙБІР АРХЕОЛОГИЯЛЫҚ ЕСКЕРТКІШТЕРДЕГІ СИМВОЛДАР МЕН АТРИБУТТАРҒА ЭТНОГРАФИЯЛЫҚ ИНТЕРПРЕТАЦИЯ

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JH.2022.v105.i2.022
        113 148

Аннотация

Этнология ғылымының дамуымен бірге зерттеу әдістемесінде «интерпретациялау», мәдени сараптама жасау маңызды болып отыр. Ғылыми бағыттарды пәнаралық байланыста зерттеуге деген сұраныстар жаңа көзқарастар мен тың серпілістер тудырды. Алтын Орда дәуірінде гүлденген ортағасырлық Сарайшық және Қышқала қалалары, ортағасырлық Көктам қаласы орнынан табылған және Алаша хан кесенесінде қашалған бөрінің ізі түскен бөрінің ізі түскен «тұмар кірпіштің» тотемдік, культтік маңызын анықтау маңызды. Бөрі ізі түскен қабырға кірпіші Ортағасырлық Көктам қалашығы орнынан табылған. Алаша хан, Болған Ана кесенелері кірпіштері мен қабырға өрнектерінің, Алтын Ордалық Қышқала қаласынан табылған кірпіш, ыдыстарға түскен өрнектер қазіргі таңда да қолөнер бұйымдарында кеңінен қолданылады. Болған Ана кесенесі, Қышқала медресесі терракота кірпішінде қауызы ашылған қызғалдақгүл өрнегі шекілген. Алаша хан кесенесі қабырға кірпішіндегі шаршы, құстаңдай, алабас, құсқанат, ашамай өрнектері қазақ кілемдерінде көп кездеседі. Сарайшық қаласынан табылған монеталардағы арыстан, барыс сияқты жыртқыш аңдардың шекілуі, олардың билік атрибуты болғандығының белгісі. Сарайшық монеталарындағы ай, жұлдыз, күн бейнелерінің шекілуінің мән-мағынасын анықтай отырып, байырғы халықтық білімдердің түп-тамырлары, қайнар көздеріне мән берілді. Ортағасырлар кезеңінің ескерткіштеріндегі белгілердің мәні ислам мәдениеті мен исламға дейінгі реликтермен астасып жатыр. Түйін сөздер: Алтын Орда, сәулет өнері ескерткіштері, қышқала өрнектері, Сарайшық ескерткіштері, этноархеология.

Жүктелулер

Как цитировать

Қартаева, Т., & Ашимова, С. (2022). КЕЙБІР АРХЕОЛОГИЯЛЫҚ ЕСКЕРТКІШТЕРДЕГІ СИМВОЛДАР МЕН АТРИБУТТАРҒА ЭТНОГРАФИЯЛЫҚ ИНТЕРПРЕТАЦИЯ. КазҰУ Хабаршысы. Тарих Сериясы, 105(№2), 216–228. https://doi.org/10.26577/JH.2022.v105.i2.022

Шығарылым

Бөлім

Вестник КазНУ: Серия историческая