1991-2000 ЖЫЛДАР АРАСЫНДА ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ТАРИХИ БІЛІМ БЕРУДІҢ ДАМУЫ

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JH.2022.v105.i2.017
        453 1264

Аннотация

Бүгінгі қоғамымызда адамдардың тарихи санасын қалыптастырудың негізгі басты тетігі – тарихи білімнің өткені, бүгіні және болашағы екендігі белгілі. Сондықтан мақаламызда қазіргі тарих ғылымында өзекті болып табылатын тарихи білім берудің негізгі мәселелері қарастырылады. Тәуелсіздіктің алғашқы он жылдығындағы оқу-білім беру жүйесіндегі өзгерістер мен оның даму деңгейлеріне талдау жасалады. Аталған кезеңдегі жалпы білім беретін мектептер мен жоғары оқу орындарында Қазақстан тарихы пәнінің оқытылуы мен мазмұны талданады. 1991-2000 жылдар арасындағы Қазақстандағы оқу-білім деңгейі және жоғарғы біліммен қамтудың жалпы коэфиценті туралы мәліметтер дерек ретінде келтіріледі. Қазақ тарихының оқытылу мәселелері тарих ғылымы тұрғысынан зерделеніп, Отандық тарихтың тарихи білім берудегі маңыздылығына мән беріледі. Аталған жылдардағы мектептер мен жоғары оқу орындары туралы мәліметтер сарапталады. 1980-1990 және 1991-2000 жылдардағы Қазақстандағы тарихи білімнің мазмұнына салыстырмалы талдау жасалынып, оқулықтар мен оқу құралдарының сапалық өзгерістерінің динамикасы кесте және график түрінде көрсетіліп, ғылыми түрде сараланады Сонымен қатар, Тәуелсіздіктің алғашқы он жылдығында тарих ғылымы саласында еңбек етіп, өз заманының куәгерлері болған тарихшы ғалымдардан аталған тақырыпқа байланысты жеке сұхбаттар алынып, олардың ой-пікірлері мақаланы жазу барысында қолданылады. Мақала тақырыбына қатысты архив құжаттары қолданылып, ғылыми айналымға енгізіледі. Түйін сөздер: Тәуелсіз Қазақстан, Отандық тарих, ғылым, тарихи білім беру, мектеп, жоғары оқу орны, тарихи сананы қалыптастыру, ұлттық-рухани құндылықтар.

Жүктелулер

Как цитировать

Кожакеева, Л., Жылқышыбаева, Қ., & Раисов, Қ. (2022). 1991-2000 ЖЫЛДАР АРАСЫНДА ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ТАРИХИ БІЛІМ БЕРУДІҢ ДАМУЫ. КазҰУ Хабаршысы. Тарих Сериясы, 105(№2), 169–182. https://doi.org/10.26577/JH.2022.v105.i2.017

Шығарылым

Бөлім

Вестник КазНУ: Серия историческая