ДҮНИЕЖҮЗІ ҚАЗАҚТАР ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ ШИРЕК ҒАСЫРДАҒЫ ТАРИХЫ
DOI:
https://doi.org/10.26577/JH.2022.v105.i2.015Аннотация
Қазақ елі тарихта ұзақ әрі күрделі жолдан өтті. Қазақ мемлекеттілігі түрлі тарихи кезеңдерде әр қырлы үлгіні иеленді. Алайда, ұлттық мүддеге сәйкес келетін және ХХІ ғасырдың сын-тегеурініне төтеп бере алатын заманауи үлгідегі толыққанды мемлекеттілік 1991 жылдан бері де, демек, КСРО ыдырап, мемлекеттік тәуелсіздікке қол жеткізген соң ғана құрылды. Көптеген жылдар бойы ел тәуелсіздігі мақсатында күресіп, тағдырдың жазғанын басынан өткеріп, Қазақ елі қысқа мерзім ішінде санадан ұмыт қалған, жадымыздан жоғалу шағында егеменді мемлекеттілігін жаңғыртып, дүниежүзіндегі мемлекеттердің алдыңғы қатарлылардың ортасында болашаққа қадымдап қадам басып, дамып келеді. Мемлекет аз ғана уақыт ішінде өз дамуының саяси қырларын анықтап, нарықтық экономикаға өтуді жүзеге асырды, күрделі әлеуметтік күйзелістерді басынан кешірді. Әлем қазақтарының 1992 жылы шақырылған бірінші Құрылтайында Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығын құру және оның жарғысын, басшы органдарын сайлау мәселелері талқыланды. Құрылтайдың ғылыми конференциясында Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы құрылды. Дүниежүзі қазақтарының бірінші құрылтайына әлемнің әр түкпірінен қандастарымызды елге шақырып, бас қосуы тәуелсіз еліміздің алғашқы қадамы болды. Қазақ елінің, бас қаласы Алматыда төрткүл дүниеге тараған қазақтардың басын тоғыстырған ұлттың ұлы жиыны болды. Сол кезден бастап, жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде елімізге 2019 жылы елге келген қандастардың саны 1,5 миллионға жетті. Қазақ елі шетелдегі этникалық қазақтармен арада тұрақты байланыс орнады. Түйін сөздер: диаспора, құрылтай, қауымдастық, қоғам, қазақ елі.