КАСПИЙ МАҢЫ ҚАЗАҚТАРЫНЫҢ ЖЕРЛЕУ ЖӘНЕ АЗА ТҰТУ ҒҰРПЫ: ЖАНАЗАҒА ДЕЙІН ЖАСАЛАТЫН ЖОСЫН-ЖОРАЛҒЫЛАР

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JH.2022.v105.i2.011
        401 104

Аннотация

Мақалада Каспий маңы қазақтарының жерлеу және еске алу әдет-ғұрыптарының ішіндегі адам қайтыс болып жерленгенге дейін, яғни жаназа алдында жасалатын жосын-жоралғылар туралы жазылған. Қазақтардың отбасылық әдет-ғұрыптарының ішіндегі ерекше бір мән берілген жөнжосындардың бірі адамның дүниеден өткеннен кейін жасалатын рәсімдер. Осыған орай, халық аузында «Өлі риза болмай тірі байымайды» деген нақыл сөз қалған. Бұл сөзден қазақтар өмірден өткен адамның әруағын сыйлап, өлім-жітім жиындарын абыроймен, жөн-жоралғысымен атқаруға ерекше мән беретінін көруімізге болады. Әдетте, төсек тартып ауырып жатқан науқас көп ұзамай өзінің бақилық болатынын алдын-ала сезіп, ағайын-туыс, ең жақын адамдарын жанына алдырып, бақұлдасып қоштасқан. Өлімге ешкім де жақынын, бауырын қиғысы келмейтіні белгілі және өлімнен қанша қорықса да, одан құтыла алмайтын білген халқымыз оған көзі тірісінде дайындалған. ХІХ ғасырдан бастап қазақтардың жерлеу салты шариғат заңдылықтарына сәйкес жүргізіле бастады. Дегенмен, өлім-жітімге қатысты бірқатар жосын-жоралғыларда исламға дейінгі дәстүрдің қалдықтары сақталды. Каспий маңын мекендеген қазақтардың өлікті жөнелтуге қатысты ғұрыптары жалпылама алғанда еліміздің еліміздің өзге өңірлерімен ұқсас болып келгенімен де, жекелеген жағдайларда өзіндік ерекшелігі бар. Мақалада Қазақстанның батысындағы Каспий маңы қазақтары арасында науқас адамның өлімге дайындалуынан бастап, жаназасын шығаруға дейінгі жосын-жоралғылардың бірқатары көрініс тапқан. Олардың ішінде қоштасу, өсиет айту, естірту, жоқтау, күзету, кебінін дайындау мәселелері қамтылған. Түйін сөздер: Каспий маңы, қазақтар, этнография, жерлеу және еске алу, әдет-ғұрып, қоштасу, өсиет айту, естіру, жоқтау.

Жүктелулер

Как цитировать

Кипиев, М. К., Избасарова, Г. Б., & Аман, Ә. Б. (2022). КАСПИЙ МАҢЫ ҚАЗАҚТАРЫНЫҢ ЖЕРЛЕУ ЖӘНЕ АЗА ТҰТУ ҒҰРПЫ: ЖАНАЗАҒА ДЕЙІН ЖАСАЛАТЫН ЖОСЫН-ЖОРАЛҒЫЛАР. КазҰУ Хабаршысы. Тарих Сериясы, 105(№2), 109–116. https://doi.org/10.26577/JH.2022.v105.i2.011

Шығарылым

Бөлім

Вестник КазНУ: Серия историческая