Ежелгі түркілердің өнері мен мифологиясындағы фантастикалық аң бейнесі

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JH.2022.v105.i2.08
        77 99

Аннотация

Мақалада көне түркі дәуірінің Елеке сазы қорғанының материалдары қарастырылады. Алқапта жүргізілген соңғы жылдардағы археологиялық зерттеулер басқа кезеңдермен қатар ерте ортағасырлық қабатты анықтауға мүмкіндік берді. Жерлеу және еске алу кешендерін зерттеу барысында анықталған материалдар ерте ортағасырлық ескерткіштер шеңберін кеңейтті, осы аумақтың тұрғындарының өзіндік мәдениетін көрсететін материалдық мәдениет коллекциясы толықтырылды. Зерттелген ескерткіштер ежелгі түркілердің Тарбағатай аймағына қоныстануы жайлы жаңа мәліметтер берді. Бұдан басқа, зерттеу нысаны орналасқан ескерткіштер тобының топографиялық ерекшелігі сипатталған. Қорғанның құрылымдық ерекшеліктерін сипаттайтын археологиялық деректер берілген, заттық кешені және жерлеу дәстүрі талданды. Төрт бұрышты қоршаудың тас қабырғасының астындағы қабір шұңқырында көмілген қыздың сүйектерін зерттеу нәтижелері берілді. Қабір шұңқырында табылған бейнелеу өнерінің туындысы қанатты фантастикалық аңның фигурасына ерекше назар аударылды. Жерлеу рәсімі кезінде бұл өнер туындысының әдейі бүлінгені анықталып, бұл да ежелгі қоғамның діни және мифологиялық түсініктеріне сәйкес келдігі атап өтілді. Артефактінің морфологиясын, иконографиясын және семантикалық жүктемесін талдау арқылы бұл заттың тылсым қасиеттерге ие болғаны және жерленген адам үшін тұмар қызметін атқарғаны қорытындысын жасауға мүмкіндік берді. Сонымен қатар, кейбір металлдан жасалған олжалардың құрамын талдау нәтижелері ұсынылған. Түйін сөздер: археология, ежелгі түркі мәдениеті, Шығыс Қазақстан, Тарбағатай ауданы, Елеке сазы алқабы, қорған, фантастикалық аң бейнесі.

Жүктелулер

Как цитировать

Самашев, З., Айткали, А. К., & Жуматаев, Р. С. (2022). Ежелгі түркілердің өнері мен мифологиясындағы фантастикалық аң бейнесі. КазҰУ Хабаршысы. Тарих Сериясы, 105(№2), 81–88. https://doi.org/10.26577/JH.2022.v105.i2.08

Шығарылым

Бөлім

Вестник КазНУ: Серия историческая