Америка тарихын қайта қарау және бағалау: 1619 жобасы

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JH.2022.v105.i2.05
        444 113

Аннотация

Мақалада 2019 жылдың тамызында «The New York Times Magazine» журналында жарияланған 1619 жобасы зерттеліп, талданады. 1619 жобасының жариялануы американ тарихы мен саясаты төңірегінде дамылсыз жалғасып келе жатқан пікір-таластың айқын көрсеткіші болып табылады. Дәстүрлі американ тарихнамасында ақ түсті американдықтар мемлекет пен ұлтты құрушы этнос ретінде қарастырылса, ал түрлі түсті халықтардың, соның ішінде қара түстілердің Америка тарихындағы рөлі мен қосқан үлесі еленбейді немесе жоққа шығарылады. 1619 жобасының мақсаты – афро-американдықтардың елдің дамуына қосқан үлесін мойындау және үстемдік етуші еуроцентристік мифтер мен дискурстарды күмән келтіру арқылы Америка тарихын қайта қарау және қайта бағалау. 1619 жобасы АҚШ тарихы 1776 жылы Тәуелсіздік Декларациясына қол қоюмен басталды деген дәстүрлі қағидаға күмән келтіріп, оның орнына бір топ қара түсті африкалықтардың алғаш рет Британияның Вирджиния отарына құл ретінде алып келінген 1619 жылды Америка тарихының басталу уақыты ретінде ұсынады. 1619 жобасын терең талдау бізге АҚШ тарихындағы афро-американдықтардың жетекші рөлін ашып, мойындауға, сонымен қатар американдық қоғамдағы институционалдық нәсілшілдіктің тамырының қаншалықты тереңге кеткенін түсінуге, американдық ерекшелік туралы мифтің жалған екенін көрсетуге мүмкіндік береді. 1619 жобасы американ тарихындағы үстем етуші англо-американдық дискурсына қарсы тұрудағы қуатты және серпінді талпыныс болғанымен, еуроцентристік тұжырымдар американ қоғамында және білім беру жүйесінде терең орныққан басым дискурс болып қала береді. Түйін сөздер: 1619 жобасы, американ тарихы, құлдық, ақ түсті американдықтар, қара түсті американдықтар, афро-американдықтар, нәсілшілдік, американдық ерекшелік.

Жүктелулер

Как цитировать

Zhumatay, G., & Yskak, A. (2022). Америка тарихын қайта қарау және бағалау: 1619 жобасы. КазҰУ Хабаршысы. Тарих Сериясы, 105(№2), 47–57. https://doi.org/10.26577/JH.2022.v105.i2.05

Шығарылым

Бөлім

Вестник КазНУ: Серия историческая