XX ғасырдың басындағы Жетісу облысы Пишпек уезінің жаңа қонысшыларының негізгі шаруашылық түрлері

Авторлар

  • Ф. Н. Мийманбаева Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ. http://orcid.org/0000-0002-8900-7262
  • А. Н. Команджаев Б.Б. Городовиков атындағы Калмык мемлекеттік университеті, Ресей, Элиста қ http://orcid.org/0000-0002-7064-7315

DOI:

https://doi.org/10.26577/JH.2022.v105.i2.02
        60 72

Аннотация

Зерттеудің өзектілігі бұл мәселенің тарихнамада жеткілікті зерттелмегендігімен байланысты. Мақаланың мақсаты – статистикалық және мұрағаттық материалдарды талдау негізінде ХХ ғасырдағы Жетісу облысы Пишпек уезінің қоныс аударушы ауылдарының экономикалық дамуын ашып көрсету.Мақала жазудың методологиялық негізі тарихилық мен объективтілік принциптері болды және нақты-тарихи әдістер, соның ішінде статистикалық талдау қолданылды. П.П. Румянцевтің басшылығымен комиссия Пишпек уезінде жинаған қоныс аудару статистикасының материалдары, сондай-ақ революцияға дейінгі авторлардың жұмыстары талданды. Пишпек уезінің қоныс аударушы шаруашылықтарының әлеуметтік-экономикалық құрылымы егжейтегжейлі қарастырылып, орыс қоныс аударушылары астық шаруашылығын жүргізді деген қорытынды жасалды. Суармалы және суарылмайтын жерлердегі егістіктердің құрамы бірдей болды, олардағы дақылдарды егу алқаптары бірдей болмады. Әртүрлі дақылдар өсірілді: қара бидай, бидай, арпа, тары, сұлы, күнбағыс, зығыр, қарасора, картоп, бақша дақылдары, жоңышқа егілді. Дұрыс ауыспалы егіс (қыстық – жаздық – тыңайту) болған жоқ. Жерді жыртқыш пайдалану айқын болды. Қоныс аударушылар ет-сүт бағытындағы мал шаруашылығымен, баубақша өсірумен айналысқан. Шаруашылық натуралды сипатта болды. Шаруалар қолөнермен де айналысты, олардың арасында қолөнершілер және ұсақ бөлшек саудагерлер, ауылшаруашылық жұмысшылары мен батрактар болды. Жаңа қоныс ауылдарындағы әлеуметтік стратификация енді ғана басталды. Түйін сөздер: Жетісу облысы, қоныс аударушы шаруалар, егіншілік, мал шаруашылығы, баубақша шаруашылығы, омарташылық, кәсіпшілік.

Жүктелулер

Как цитировать

Мийманбаева, Ф. Н., & Команджаев, А. Н. (2022). XX ғасырдың басындағы Жетісу облысы Пишпек уезінің жаңа қонысшыларының негізгі шаруашылық түрлері. КазҰУ Хабаршысы. Тарих Сериясы, 105(№2), 9–21. https://doi.org/10.26577/JH.2022.v105.i2.02

Шығарылым

Бөлім

Вестник КазНУ: Серия историческая