Қаратауды геологиялық зерттеу тарихынан. Советтік кезең
DOI:
https://doi.org/10.26577/JH.2022.v107.i4.04Аннотация
Мақалада, Торлан тау-кен аудандарында жүргізілген геологиялық зерттеу жұмыстарының тарихы баяндалады. Нақ осы Қаратау кен орындарын зерттеу арқылы советтік геология мектебі жаңа сапаға көтерілді. Әсіресе, 1920-1930 жылдарда Торлан асуында бұрын-соңды зерттеу обьектісіне айналмаған жаңа кен орындары ашылып, ол өнеркәсіптік игеру көзіне айналды. Сонымен қатар мақалада Қаратауға арнайы мемлекеттік тапсырыстармен келген ресейлік геологтар, физик-математик, саяхатшы ж.б. қызметіндегі ғалымдардың империялық (патшалық және советтік) бірегейлік ұстаным, көзқарастары жан-жақты көрсетілді.
Совет геологиялық мектебі Торлан асуының тектоникасын, геологиялық құрылымын, өңірдің географиялық панорамасын қайта зерттеуден өткізді. Әсіресе Қаратау жоталарынан қорғасын, алтын, күміс, мыс, цинк, никель ж.б. түрлі-түсті металл қорлары табылған сайын КСРО ВСНХ Геологиялық Комитеті барлау партияларының қызметін күшейте түсті. Өйткені индустриялизациялау бағдарламасын іске асыру минералдар мен шикізат базасына тікелей тәуелді етті. Соған сәйкес одақта 25 мың кен орындары ашылып, оның ішінде шамамен 2 мыңы ел экономикасының негізгі тірегіне айналды. Бұл фактілер советтік геологияның қандай қуатты күшке айналғандығының көрінісі еді. Автор мақалада Қазақстан республикасы, Ресей Ферерациясы архивтерінің дереккөздеріне сүйенеді.
Түйін сөздер: Ащысай, Қаратау, геология, бірегейлік, зерттеушілер, советтік империя, кен, қорғасын, рудниктер.