Көшпелі ру-тайпалардың этникалық тарихын зерттеудегі таңбалық жүйелердің орны

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JH.2022.v104.i1.22
        114 92

Аннотация

 

Тарих бетінде орын алған кез-келген халықтың ертеден өздерімен бірге жасап келе жатқан наным-сенімдеріндегі, мәдениетіндегі, ғұрпындағы, салт-дәстүріндегі ерекше белгілері болады. Ол бірінде ұранмен беріліп отырса, екінші бірінде таңбамен, ал үшіншісінде ғұрпындағы айрықша дүниетаным, сенімімен, сондай-ақ түр-түске байланысты қабылдау, сену жолдарымен көрініс тауып отырады. Ал олардың әрқайсысын жекелеп зерттеу сол халықтың тарихының бір бөлшегі арқылы, оның этникалық тарихындағы, территориялық орналасуы, қоныс тепкен аумақ- тың ерекшеліктері мен көршілес елдерімен қарым-қатынасы, өзара ықпалдастығы, және т.б. мәселелерінің көлеңкелі қырлары мен ашылған тұстарына қосымша ақпараттар болатыны анық. Кез-келген таңба адамзат тарихындағы, оның табиғатындағы ақпараттардың қабылдануынан туындаған белгілерден тұрады. Мұндай таңбалар өз кезегінде Қазақстан аумағында көптеп кездеседі. Ру-тайпалардың ерекше белгісі саналатаны мұндай таңбалар алғашында ру- тайпалардың қорғаушысы міндетін атқарып, кейін келе олардың жеке таңбасына айналған болуы да мүмкін. Және де тайпалардың таңбалары тайпалық және көшпелі өмір салтын сақтаған түркі тайпалары мен этникалық топтарының тарихын зерттеуде олардың этникалық құрылымы мен құрамы туралы айтарлықтай маңызды мәліметтер бере алады. Мақалада этникалық, саяси және

т.б. мәселелерді зерттеуде таңбалар мен белгілер дерек-материал ретінде пайдаланылды.

Түйін сөздер: таңба, белгі, түркі халықтары, этноним, Орталық Азия.

 

Жүктелулер

Как цитировать

Koshymova, A., & Mensitova, G. (2022). Көшпелі ру-тайпалардың этникалық тарихын зерттеудегі таңбалық жүйелердің орны. КазҰУ Хабаршысы. Тарих Сериясы, 104(№1), 201–207. https://doi.org/10.26577/JH.2022.v104.i1.22

Шығарылым

Бөлім

Вестник КазНУ: Серия историческая