Қазақстанның тәуелсіздік жылдарында кәсіптік-техникалық білім беру жүйесін жетілдіру
DOI:
https://doi.org/10.26577/JH.2022.v104.i1.17Аннотация
Мақалада Қазақстанның тәуелсіздік жылдарындағы техникалық бейіндегі мамандарды даярлау жүйесін жаңғыртудың негізгі бағыттары қарастырылған.
Кәсіптік-техникалық білім беру (КТБ) жүйесінің жұмысын көрсететін және 60-80 жылдардағы Қазақстан
Республикасының халық шаруашылығының әртүрлі салаларында білікті мамандар санының артуын көрсететін нақты және статистикалық деректер келтірілген.
Техникалық білім беруді дамытуды жүзеге асыратын мемлекеттік бағдарламаларға соңғы 10 жылда баса назар аударылды. Бұл техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына өтініш берген талапкерлер санының өсуінде өздерінің жоғары нәтижелілігін көрсеткен «Серпін – 2050»
«Мәңгілік ел жастары – индустрияға» бағдарламасы және нәтижелі жұмыспен қамтудың және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың «Еңбек» бағдарламасы болып табылады.
Дуальды білім беру мәселесіне, оның еңбек қызметі шеңберінде студенттің сәтті бейімделуінің кепілі ретінде ерекше назар аударылған. Бұл проблема өткен жылдардағы жинақталған тәжірибені қолдана отырып, заманауи шындықта қалай шешілетіні ескерілген. Білім беру мен өндірісті сәтті интеграциялаудың мысалы ретінде Көкшетау қаласының жоғары техникалық колледжінің жұмысы келтірілген.
Осы мақаланы негізге ала отырып техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін жаңғырту тиімді және бәсекеге қабілетті мамандарды даярлаудың кепілі болып табылады деп қорытынды жасауға болады.
Түйін сөздер: экономика, техникалық бейіндегі кадрлар, КТУ (кәсіптік-техникалық училище), колледждер, ТжКБ (техникалық және кәсіптік білім беру) жүйесі, ЖОО, дуальды білім беру.