Енисей қырғыздарының Өге және Ичреки мемлекеттеріндегі атақтар жайында. VII-XI ғғ.

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JH.2022.v104.i1.04
        86 138

Аннотация

Бұл мақалада оңтүстік Сібірдегі енисей қырғыздарының мемлекетіндегі мемлекеттік титулдар мен қызметтерді зерттеу талпынысы жасалған. Бұл титулдардың атауы Ичреки (İçreki) және Өге (Öge) болып келеді. Орта ғасырлар кезеңінде енисей қырғыздары орталықтандырылған билік жүйесіне және аймақтарда мемлекеттік-административті басқару тетіктеріне ие болды. Қырғыздардағы бұл жүйе ежелгі және орта ғасырлар кезеңдеріндегі Орталық Азиядағы көшпелі түркі-моңғол мемлекеттеріндегі мемлекеттік бюрократия, басқару жүйесі және титулдар атауымен (эпитеттер) жалпылай бір еді. Бірақ бұнымен қоса, кейбір мемлекеттік титулдар және қызметтер атауларымен функциясынан байқалатындай, енисей қырғыздарындағы басқару жүйесі өзіндік ерекшеліктер мен айырмашылықтарға ие болды. Ежелгі және орта ғасырлардағы қырғыз мемлекетіндегі титулдармен қызметтердің және оларға тән эпитеттердің анализі бұлардағы мемлекеттік басқару жүйесінің күрделі және жетілген болғандығын көрсетеді. Сонымен қатар, атауларды жүйелеу әрекеті осы атаулардың шығу тегі мен таралу аймағының лексикалық (лингвистикалық) негізін көрсетеді. Орта ғасырлық енисей қырғыздары, түзетілген ақпараттарға сәйкес, мемлекет басқару жүйесінде 1703 жылға дейін елуден астам түрлі титулдар мен қызметтерді қолданып келді. Олар көбінесе енисей жазба ескерткіштерінде кездеседі, сонымен қатар параллель титулдармен мемлекеттік қызметтер атаулары Вэй (солтүстік Вэй), Чжоу, Суй, Тан, Сун, Минь және Цинь қытай династияларының жазбаларында аталып өтеді. Түйін сөздер: қырғыздар, титул, эпитафия, солтүстік Вэй, Тан әулеті, көк түріктер, табғаштар, ғұндар (сюнну).

Жүктелулер

Как цитировать

Каратаев, О. К. (2022). Енисей қырғыздарының Өге және Ичреки мемлекеттеріндегі атақтар жайында. VII-XI ғғ. КазҰУ Хабаршысы. Тарих Сериясы, 104(№1), 26–33. https://doi.org/10.26577/JH.2022.v104.i1.04

Шығарылым

Бөлім

Вестник КазНУ: Серия историческая