ҚАЗІРГІ КЕЗЕҢДЕГІ РЕСЕЙ ИМПЕРИЯСЫНЫҢ БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІНЕ ҚЫЗМЕТ ЕТУ ҮШІН ЖЕРГІЛІКТІ ХАЛЫҚТЫ ИНКОРПОРАЦИЯЛАУДЫ ЗЕРТТЕУ ТАРИХЫНАалықты инкорпорациялауды зерттеу тарихына

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JH.2023.v108.i1.015
        77 68

Аннотация

Мақала әртүрлі аймақтардың зерттеушілерінің монографиялық еңбектері мен ғылыми мақалаларын зерттеу арқылы Ресей империясының ұлттық шетіндегі (Қазақстан, Сібір, Польша және Украина) жергілікті халықты әкімшілік басқару жүйесіне қосу үдерісін зерттеу бойынша заманауи тарихнаманы талдауға арналған.

Мақалада салыстырмалы әдіс қолданылды, бұл әдіс империялық билік жергілікті халықты империяға инкорпорациялау удерісінде қолданған құралдар мен механизмдерді, соңдай-ақ ресейлік шенеуніктердің ұлттық шеттерде басқарудың жаңа модельдерін қалай енгізгенін көрсетуге мүмкіндік береді.

Қазіргі қазақстандық тарихнамада қазақ шенеуніктер корпусын қалыптастыруға, көшпелі ақсүйектерді империя қызметіне тарту әдістеріне баса назар аударылады. Қазіргі ресейлік тарихнамасында Сібірдегі басқару мәселесі бойынша басқару тарихы, шенеуніктердің қалыптасуы және жергілікті ақсүйектердің империялық басқару жүйесіне енуі туралы жұмыстар ерекшеленеді.

Қазіргі поляк зерттеушілерінің көпшілігі поляк шенеуніктерінің қызметін және олардың империялық билік құрылымдары жүйесіндегі саяси мансабын зерттейді. Украинаның қазіргі тарихнамасында империялық әкімшілік реформалардың теріс салдары, басқарудың империялық моделін енгізу ерекшеліктері және жергілікті ақсүйектердің осы инновацияларға деген адалдығы туралы сұрақтар қарастырылған.

Сонымен қатар, мақалада жаңа ғылыми әдістерді, соның ішінде пәнаралық тәсілдерді одан әрі зерттеу мен қолдануды қажет ететін негізгі проблемалар көрсетілген.

Түйінді сөздер: тарихнама, инкорпорация, шенеуніктер, бюрократия, империя, аймақтар, жергілікті басқару, империялық басқару моделі.

Жүктелулер

Как цитировать

Dyussembek, Z., & Suinova, A. (2023). ҚАЗІРГІ КЕЗЕҢДЕГІ РЕСЕЙ ИМПЕРИЯСЫНЫҢ БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІНЕ ҚЫЗМЕТ ЕТУ ҮШІН ЖЕРГІЛІКТІ ХАЛЫҚТЫ ИНКОРПОРАЦИЯЛАУДЫ ЗЕРТТЕУ ТАРИХЫНАалықты инкорпорациялауды зерттеу тарихына. КазҰУ Хабаршысы. Тарих Сериясы, 108(1). https://doi.org/10.26577/JH.2023.v108.i1.015

Шығарылым

Бөлім

Раздел 2 Всемирная история