Тарихи зерттеулерде көшпелі мемлекеттіліктің рухани-идеологиялық негіздер
DOI:
https://doi.org/10.26577/JH.2022.v104.i1.15Аннотация
Мақалада көшпелі мемлекеттіліктің рухани-идеологиялық негіздері күрделі және өзіне тән құрылымы бар саяси құбылыс ретінде баяндалады. Мемлекеттілік – бұл қоғам мен дамуы мен жетістіктерінің көрсеткіші сонымен бірге мемлекетті қорғау мен өркендетуге бағыттайтын идеологиясы, саяси, қоғамдық және мәдени бағдаршамы. Заманауи тарихи ой жаңа теориалық тұжырымдармен, балама көзқарастар мен концептуалды негіздерді ескере отырып стеоретиптік көзқарастардан бас тартуымен анықталады. Көшпелі мемлекеттіліктің рухани – идеологиялық негіздерін сараптау пәнаралық әдістердің жалпы тарихи үрдістің, жүйелілік келістірдің және жаңа әдіснаманың дамуымен байланысты. Бұл мәселенің шешімін табу бойынша қордаланған сұрақтардың жиынтығы топтастырылып, негізгі қолданыс тәсілдерін анықтау арқылы “көшпелі мемлекеттілік” теориясының типологиялық құрылымдарды мейлінше жетілдіру мақсатында заманауи тарих ғылымының пәнаралық синтезі және өркениетті дискурсы аясында қарастырылады. Тарихнамалық дереккөздердің үлкен кешенін сараптау, көшпелі қоғамдағы саяси процестердің ұтқырлығы мен динамизмі бүкіл құрылымның мемлекеттік компоненттерінің тұрақсыз, әрі жылжымалы болғанын, ал, түбегейлі өзгерістер тұтас жүйенің өзгеруіне әкелгенін көрсетеді. Теориялық – методологиялық ізденістердің тиімділігін арттыру үшін көшпелі құрылымдардың басқару институттарыныың рухани-идеологиялық негіздерін зерделеу, күрделі кешен сипатындағы биліктің әртүрлі типтері мен моделдерін біртұтас империялық құрылымға біріктіру мәселелері одан әрі тереңдете зерттелуі тиіс. Түйін сөздер: идеология, мемлекеттілік, билік, харизма, империя, көшпелілер, ғылыми парадигмалар