Тарихи-мәдени ескерткіштер тарихынан (Ботай және Бұзоқ ескерткіштері мысалында)

Авторлар

  • Бакытжан Калнияз
        66 244

Аннотация

Мақалада тарихи құнды ескерткіштер ретінде Қазақстанның солтүстік өңірлерінің, қала берді әлем мақтанышына айналып үлгерген Ботай мәдениетіне, ортағасырлық Бұзоқ қалашығына тоқталады. Ботай мәдениеті – энеолит дәуірінде Солтүстік Қазақстанды мекендеген тайпалар мәдениеті. Б.з.д. ІІІ-ІV мың жылдыққа тән ежелгі адамдардың құтты мекені болған Ботай қонысы 1980 жылы В.Ф. Зайберттің басшылығымен ұйымдастырылған археологиялық қазба жұмыстарының нәтижесінде ашылып, ғалымдар назарына іліккен. Ғалымдарды табылған ат сүйектерінің көптігі таң қалдырған. 133 мыңдай жылқы сүйектері зерттелді. Бұзоқ қалашығына тоқталатын болсақ; «Бұзоқ» – түркі-оғыз термині, яғни көне түрік мемлекеттерінің әкімшілік құрылымының шығыс бөлігінің атауы. Бұзоқ қалашығының Қазақстан астанасы үшін оның ертедегі дерегі ретінде маңызы өте зор. Бұзоқ – шамамен VІІІ ғасырдағы ежелгі қалашық, ол сол кездегі жергілікті билеушінің ордасы саналған. 2004 жылдан бастап археологиялық нысан – Бұзоқ қалашығы, Қазақстан астанасының туристік бағытына атсалысып келеді.

Жүктелулер

Как цитировать

Калнияз, Б. (2017). Тарихи-мәдени ескерткіштер тарихынан (Ботай және Бұзоқ ескерткіштері мысалында). КазҰУ Хабаршысы. Тарих Сериясы, 85(2), 169–174. вилучено із https://bulletin-history.kaznu.kz/index.php/1-history/article/view/130

Шығарылым

Бөлім

Раздел 3 Aрхеология и этнология