Түрік бірлігі идеясына большевиктердің қарсылығы (ХХ ғасырдың алғашқы ширегі)
DOI:
https://doi.org/10.26577/JH.2021.v103.i4.07Аннотация
Бұл мақалада ХХ ғасырдың басында түркі халықтарын біріктіру идеясының пайда болуы, сондай-ақ В.Ленин мен И. Сталиннің ұлттық автономияға, мәдени-ұлттық негіздегі бірлестікке түркі бірлігіне қарсы күресі қарастырылады.
Сонымен қатысты ұстанымы, ұлт мәселелері мен оны жүзеге асыру жолдары, большевиктердің қатар, автор мақалада 1922 жылы желтоқсанда КСРО құрылғаннан кейін И. Сталин басқарған Ұлттар істері жөніндегі халық комиссариаты ұлттық республикалар мен облыстардағы ұлттар мәселесіне қатысты саясаты сипатталған.
Бұрынғы КСРО тарихындағы ең қиын және қарама-қайшылықты кезеңдердің бірін зерттеу үшін автор тарихилық принципін негізге ала отырып, болған оқиғаларды себеп-салдарлық сабақтастықта қарастырған. Зерттеудің жалпы ғылыми әдістері ретінде келесі әдістер қолданылды: шолу, талдау, жүйелеу, салыстыру, индукция, дедукция, жалпылау және басқа әдістер. Проблемалық-хронологиялық әдісті қолдану материалды хронологиялық ретпен құруға, сонымен қатар маңызды заңдылықтар мен тенденцияларды бөлуге мүмкіндік берді. Тарихи зерттеудің нақты әдістері ретінде келесі әдістер қолданылды: тарихи-генетикалық, тарихи- салыстырмалы және тарихи-жүйелік. Архивтік деректер мен түркі халықтары зиялыларының еңбектеріне негізделген зерттеуде 20 ғасырдың бірінші ширегіндегі Ресейдегі түркі қозғалысы туралы ақпарат ұсынылған.
Түйін сөздер: Түрік бірлігі, Алаш орда, ұлтшылдық, большевик, В.Ленин, И. Сталин, Кеңестік кезең.