Ортағасырлық Сығанақ қаласының қорғаныс жүйесінің зерттелуі
DOI:
https://doi.org/10.26577/JH.2021.v103.i4.05Аннотация
Мақалада Сығанақ қаласында жүргізілген зерттеулерді жәнеортағасырлық тарихи деректерді топтастыра отырып, қаланың қазақ халқының өткен тарихында алар орны мен маңызына қысқаша шолу жасалады. Ұлы Жібек жолы бойындағы ортағасырлық ірі орталықтардың бірі болған Сығанақ қаласы, ерте заманнан-ақ мәдениеті мен экономикасы, қолөнері мен саудасы, егіншілігі мен мал шаруашылығы қатар дамыған Сыр бойындағы маңызды қалаларының бірі болды. ХІ–ХІІІ ғасырлар аралығында Қыпшақ хандығының басты орталықтарының бірі ретінде танылса, ХІV–ХV ғасырларда Ақ Орданың астанасы, ал ХV–ХVІ ғасырларда Қазақ хандығының астанасы болып, хандықтың саяси және экономикалық орталығына айналды. Ортағасырлық Сығанақ қаласының қорғаныс жүйесі, соның ішінде қақпасымен қамал қабырғаларының аз зерттелуіне байланысты, аталмыш тақырып аясында ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізіп, қаланың қорғаныс жүйесінің өзіндік ерекшелігін анықтап, ғылыми айналымға енгізуді жөн санадық. Мақалада Сығанақ қаласында жүргізілген археологиялық ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелеріне тоқтала отырып, қаланың шығыс қақпасы мен қамал қабырғаларының архитектуралық ерекшелігіне, жасалу технологиясы мен құрлыс материалдарына талдау жасалынды. Сонымен қатар, аймақтағы ортағасырлық қалалардың қақпаларымен салыстырмалы талдау жасалынып, қосымша ғылыми тұжырымдар айтылды. Қазба жұмысы барысында алынған заттай деректер негізінде қаланың шығыс қақпасы мен қамал қабырғаларының мерзімі анықталды. Мақала BR10965310 «Тарихи- мәдени мұра нысаны – ортағасырлық Сығанақ қалашығында кешенді археологиялық зерттеулер жүргізу» тақырыбындағы ғылыми жоба негізінде дайындалды.
Түйін сөздер: Сығанақ қаласы, қорғаныс жүйесі, қақпа, Сырдария, ортағасыр, ортағасырлық
қалалар.