Солтүстік-шығыс Арал маңы тас ғасыры мен қола дәуірі ескерткіштерін геоақпараттық бағдарламасы жүйесіне енгізу
DOI:
https://doi.org/10.26577/JH.2021.v103.i4.21Аннотация
Ақпараттық технологиялардың қазіргі заманғы ғылымда сұранысы өте жоғары соның ішіндегі
археология ғылымында барынша жаңа технологиялар пайдалануда біраз жұмыстар жүргізіліп
отыр. Соңғы жылдары Солтүстік-Шығыс Арал маңының тас ғасыры мен қола дәуірін зерттеуде
аймақта бұрын соңды ашылған ескерткіштердің тізімін жасау олар жайлы мәліметтер жинастыру
археологиялық картаға түсіру жаратылыстану ғылымдарының бірінің әдістері геоақпараттық
жүйені пайдалану аса маңызды болып табылып отыр.
Бұл мақалада авторлар 2018-2021 жылдар аралығындағы далалық маусымында Солтүстік-
Шығыс Арал маңы Қызылорда облысының Арал, Қазалы, Сырдария, Қармақшы, Жалағаш
аудандар территорияларында жүргізілген археологиялық барлау жұмыстары негізі және ХХ
ғасырдың 50-60 жылдары ашылған тұрақтар орындары қазіргі таңда жоғалып кеткен сондықтан
өңірде жүріп өткен әр түрлі археологиялық экспедциялардың ғылыми есептері, шығарған ғылыми
мақалаларынан жиналған ескерткіштер жайлы ақпараттар жинақталды.
Қазіргі таңда аймақтан жаңа кезеңде жаңадан ашылған палеолит, неолит,энеолит және
қола дәуірі ескерткіштерінің географиялық координаттары мен фотолары ГАЖ бағдарламасына
енгізіліп ортақ база жасалынды. Мақалада ГАЖ бағдарламасына қатысты теориялар мен
пайдаланылу тарихы жайлы қысқаша мәліметтер беріліп отыр. Авторлар әлемдік тәжірбиені
ескере отырып ГАЖ бағдарламасында аймақтың тас-қола дәуіріне қатысты ескерткіштерге
байланысты бірнеше карталар даярланып алғашқы нәтижелерін ұсынылып отыр.
Түйін сөздер: Археология, Арал маңы, жаратылыстану, геоархеология, ғылым, мәдениет,
деректер, Арал маңы, Сырдария алқабы.