Ақтерек шатқалындағы археологиялық ескерткіштерді ашық аспан астындағы музей ретінде қалыптастыру

Авторлар

  • O. A. Myakisheva Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттік музейі, Қазақстан, Алматы қ. http://orcid.org/0000-0002-1023-0163
  • N. Zh. Torezhanova Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттік музейі, Қазақстан, Алматы қ. http://orcid.org/0000-0001-6652-6206

DOI:

https://doi.org/10.26577/JH.2021.v103.i4.18
        85 143

Аннотация

Мақалада Ақтерек шатқалындағы археологиялық ескерткіштерді талдау нәтижелері
және олардың Қазақстанның тарихи-мәдени мұра объектісі ретіндегі маңыздылығын бағалау
ұсынылған. Қазіргі уақытта тарихи-мәдени мұраны жаңғырту мен сақтау өзекті және ерекше
мәнге ие. Осыған байланысты авторлар тарихи -мәдени мұраны сақтау, оны әйгілі етудің оңтайлы
және тиімді әдістерінің бірі – музейфикацияның маңыздылығын көрсетуді мақсат етеді. Тарихи
және мәдени жылжымалы және жылжымайтын ескерткіштерді, сондай – ақ, табиғи нысандарды
музей экспозициясына айналдыру. Осылайша, музейлендірілген археологиялық ескерткіш ата-
бабаларымыздың тарихын тереңірек біліп оны түсінуге, тарихи тұрғыдан келешек үшік қайта
қалпына келтіруге мүмкіндік береді. Бұл істің ең маңыздысы – тарихи ескерткішке жаңа өмір
сыйлау.
ҚР Мемлекеттік Орталық музейінің археологиялық экспедициясы 2006-2021 жж. аралығында
Ақтерек шатқалындағы ескерткіштерді зерттеу жұмыстары негізінде, алдыңғы (1898-1988
жж.) зерттеу нәтижелерін қорытындай отырып, аталмыш ескерткіштердің ерекшелігін назарға
ала отырып, оларды бірегей тарихи-археологиялық кешен деп қарастырған жөн. Олар ежелгі
адамдардың тұрақтарынан бастап орта ғасырлық қала мәдениетін қамтитын бірнеше тарихи-
мәдени қабаттардан тұрады.
Сондай-ақ, мақалада Ақтерек шатқалы аумағындағы археологиялық ескерткіштердің
зерттелу тарихнамасы келтірілген.
Түйін сөздер: археология, қорғандар, қоныстар, тұрақтар, петроглифтер, музейлендіру,
ескерткіштер, ландшафт, сакралды.

Жүктелулер

Как цитировать

Myakisheva, O. A., & Torezhanova, N. Z. (2021). Ақтерек шатқалындағы археологиялық ескерткіштерді ашық аспан астындағы музей ретінде қалыптастыру. КазҰУ Хабаршысы. Тарих Сериясы, 103(4), 183–193. https://doi.org/10.26577/JH.2021.v103.i4.18

Шығарылым

Бөлім

Вестник КазНУ: Серия историческая